Алматы • 30 Қаңтар, 2024
«Жүлде қоры - 180 мың доллар». Алматыда ауқымды стартап сайысы өтеді
2024 жылғы 1-3 ақпан аралығында Алматы қаласында Digital Almaty-2024: «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 23 Қаңтар, 2024
Ақпан айының алғашқы күндерінде Алматыда дәстүрлі «Digital Almaty-2024» форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы – «Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы».
Бизнес • 20 Қараша, 2023
Экономикалық саясаттағы қазіргі үрдіс – ішкі жалпы өсімде шағын және орта бизнестің үлесін арттыру. Дүниежүзілік банктің мәлімдеуінше, әлемдік бизнестің 90%-ын шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Қазақстанда бұл сала әлі де дамып, қалыптасу үстінде.
Форум • 16 Қараша, 2023
Теңгенің тарихи күнін байыптаған конгресс
Алматыда Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлерінің ХI конгресі өтті. Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы бұл жолғы жиынды «Теңге: әлемдік нарықтарға апаратын жол» деген тақырыппен ұйымдастырды.
Кәсіпкер • 11 Қазан, 2023
КМF Isker hanymy – 2023: Миллион кімге бұйырды?
Базардағы контейнер иесі, үйдегі тігінші немесе маникюр шебері – әйелдер кәсіпкерлігінің бұл бағыттары бұрыннан танымал болса да бизнес-элитаның санатына жатқызылмайтын. Өткен ғасырдың 90-жылдары бизнесін бастаған қазақ әйелдері банктік несиелерді және микроқаржыландыруды ұтымды пайдалана отырып, әрі белсенді оқу арқылы отандық іскер азаматтар қатарын толықтырды. Бұған ішкі нарықтағы микроқаржы ұйымдарының көш басында жүрген KMF компаниясы елеулі үлес қосты.
Тұлға • 19 Қыркүйек, 2023
Тұлғаға ескерткіш-белгі қойылды
Алматыда шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеушісі, ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Дербісәлі тұрған үйге ескерткіш-белгі орнатылды. Мазмұнды іс-шараға зиялы қауым өкілдері, отбасы мүшелері, шәкірттері қатысты.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2023
Кәсіпкерлер неліктен KMF-ті таңдайды?
Кәсіпкерлік дамыса, ел дамиды, экономика нығайып, халықтың әлеуметтік ахуалы жақсарады. Ресми мәліметтерге сенсек, Қазақстанда қазір 2 миллионға жуық шағын және орта кәсіп субъектісі бар. Олардың басым бөлігі – жеке кәсіпкерлік. Ал кәсіп үшін қаржыландырудың маңызын айтпаса да түсінікті.
Қаржы • 11 Қыркүйек, 2023
Таяуда Мәскеу биржасындағы сауда кезінде доллар бағамы 100 рубльден асып, еуро 109,87 рубльге дейін көтерілген еді. Ресей валютасы Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты соңғы шешімінен соң тек долларға ғана емес, еуро, юаньге қатысты да күш жинап алды. Рубльді нығайтуға арналған арнайы операция төмендегі тәртіппен жүргенін бағамдап үлгердік. Алдыңғы аптаның басында Ресей президентінің көмекшісі Максим Орешкин валюта нарығында тәртіп қалпына келетінін айтты. Ол Орталық банкті ашық сынамаса да қаржы саясатын тым жұмсартып алғанын, жағдайды түзету үшін барлық қажетті құралдардың бар екенін атап өтті.
Инфографика • 05 Қыркүйек, 2023
Апта басынан бері ішкі қаржы нарығы «елге шетелдік үш банк келуі мүмкін» деген хабардан толқып кетті. Таратып айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында банктер корпоративтік несиелеу тұрғысында, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен санаулы ғана ірі банктер айналысатынын атап өткен болатын. «Сондықтан осы саладағы бәсекелестікті арттыру мақсатында шетелдік сенімді үш банкті елге тарту керек», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Энергетика • 25 Тамыз, 2023
Үлкенде басталған жиын АЭС-қа қатысты түйткілдің түйінін тарқатты ма?
Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында АЭС құрылысы мәселесі бойынша алғашқы қоғамдық талқылау өтті. Ауыл мектебінің мәжіліс залында өткен жиын халықтың көптігімен ғана емес, қызу пікірталасымен ерекшеленгенін сол ауылға барған біз де көрдік.