Баға • 06 Шілде, 2023
Жаңа тарифті халықтың қалтасы көтере ме?
Қоғам осы сұраққа жауап күтіп отыр. Себебі электр энергиясының жаңа тарифтері үшін күрес шешуші кезеңге аяқ басты. 1 шілдеден кейін Қазақстанның үш өңірінде – Алматы, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында қанатқақты жоба аясында электр энергиясына жаңа тариф енгізіледі. Дәл осы күннен кейін реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеруге мораторий ресми түрде аяқталады. Жаңа қанатқақты жоба тарифтерді саралауды жоюды қарастырады, бірақ әзірге барлығына бірдей емес. Әңгіме бюджеттік ұйымдар, бизнес және халық туралы болып отыр. Алматы мен Астана қаласында өткен қоғамдық талқылауларды сырт көз пікірталастар теке-тіресі деп қабылдады. Қоғам белсенділері, монополияға қарсы және депутаттар тарифтің көтерілуін ашық жақтаса, энергия сататын компаниялардың өкілдері қымбаттатудан өзге жолдың қалмағанын айтты. Жергілікті деңгейде төтенше жағдайға әкелген себептердің өзі туралы мәлімет аз, бірақ Қазақстанда бұл аймақтағы инфрақұрылымның күрт нашарлауы туралы көптен бері айтылып келеді. Мәселен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы 1 қыркүйектегі Жолдауында елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және сумен жабдықтау желілерінің жартысына жуығы тозығы жеткеніне баса назар аударды, бұл көрсеткіштерді кем дегенде 15 пайызға төмендету қажеттігін айтты.
Алматы • 26 Маусым, 2023
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы жұмыс тобы екі апта бойы такси қызметінің құнына талдау жүргізіп, бір бағыттағы жол жүрудің орташа құнын 6 мыңнан 8 мың теңгеге дейін болуы керек деген шешімге келді. Егер такси қызметі премиум сегмент болса тарифті 12 мың теңгеге дейін көтеруге мүмкіндік бар. Бұл шешім бағаны ыңғайына бағындырып алғысы келетіндердің тәбетін тежейді деген үміт бар.
Қоғам • 22 Маусым, 2023
Посткеңестік елдерді айналып өтпеген күрделі үрдіс бізде де байқалып қалып жүр. Байлар байып, халықтың табысы кеміп, несиеге тәуелділігі артып барады. Қазақстанда 7,1 миллион адам несиемен өмір сүріп жатыр. Бұл дегеніңіз – халықтың 36 пайызы екінші деңгейлі банктердің акционерлерін байытып отыр деген сөз. Ипотекалық және автонесиені 25 пайызға, қарапайым адамдар алып жатқан кепілсіз кредитті 56 пайызға дейін көтеріп, халықты қарызға белшесінен батырып отыр.
Алматы • 20 Маусым, 2023
Үлкен Алматы айналма жолы ашылды
Өткен аптаның соңында ел аузында «БАКАД» аталып кеткен Орталық Азиядағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі – Үлкен Алматы айналма автожолы (ҮААЖ ) пайдалануға берілді.
Экология • 19 Маусым, 2023
Күл-қож қалдықтары қайта өңделеді
Алматыдағы № 2 ЖЭО-дан шыққан күл-қож қалдықтары қала басшылары мен экологтар үшін түйткілді мәселелердің біріне айналып кеткен еді. Енді осы мәселе шешімін таппақ. А.Жақұтов атындағы №2 ЖЭО-да күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу жөнінде конкурс жеңімпазы марапатталды. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы бойынша экология департаменті, БАҚ, «Arka Development» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 15 Маусым, 2023
Несиелік демалыс мерзімі Қазақстанға қайта оралуы мүмкін. Осыдан үш жыл бұрын пандемиялық дағдарыс кезінде қабылданған шешім халықты қолдауға бағытталған Үкіметтің бастамасы ретінде қарастырылғаны айтылған. Бұған дейін несиелік демалыс ұғымы отандық заңнамада бекітілмеген. Бірақ қарыз алушы қиын жағдайға тап болып, банкке хабарласып, ай сайынғы төлемдерді кейінге қалдыруды сұрауға құқылы. Банк өз кезегінде қолдау ретінде клиентке несиені өтеу тәртібін өзгертуді немесе ол бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруды ұсынып келді.
Қаржы • 15 Маусым, 2023
Әлемнің қаржы нарығы мамыр айының орта шеніне дейін Америкаға қарап алаңдап келді: көптің көңіліндегі алаңнан «әлемдік қаржы нарығында ойын ережесінің билігі қай валютаның уысында болады?» деген сауалға жауап күтіп отырғаны сезіліп қалды.
Сауда • 15 Маусым, 2023
Электрондық коммерция нарығының деңгейі
ЕЭК Сауда жөніндегі алқасының мүшесі Андрей Слепнев 12 мамырда, Мәскеуде өткен брифинг барысында ЕАЭО елдері бірыңғай электрондық коммерция нарығын құруға қам жасап жатқанын хабарлады. «ЕАЭО-да бірыңғай электрондық коммерция нарығы болуы керек. Деректерді сақтауды қорғау, оларды стандарттау, тұтынушылар мен сатушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешу қажет», деді ЕЭК министрі Андрей Слепнев.
Инфляция • 08 Маусым, 2023
Инфляциядан именбеу иммунитеті отандастарымызда қалай қалыптасты?
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі айлар бойы бір деңгейде тұрса да, инфляцияның көрсеткіші қырық құбылып, мамыр айында ғана тұрақтаған еді. Ресми статистика қазіргі көрсеткішті 16.5 пайыз деп отыр. Біздің экономика үшін 10 пайыздық инфляция қауіпті емес. Ал одан асып кетсе, шындап ойлану керек. Ал 20 пайыздық көрсеткіш – Ұлттық банк пен Үкіметті күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айыратын, мұнай елесінен тезірек ес жиюға себеп болатын фактор болуға тиіс еді.
Әлем • 18 Мамыр, 2023
Димаш Құдайбергеннің польшалық жанкүйерлері үш жылға жуық уақыт бойы әншінің шығармашылығы мен қазақ мәдениетіне арналған онлайн радиостансаны жүргізіп келеді. Ал былтырдан бастап «Димаш» радиосы қазақ тілі курсын жүргізуді қолға алды. Радионың хабар тарату желісі тек Польша ғана емес, бүкіл Еуропалық одақ елдерін қамтиды.