Салық • 11 Қыркүйек, 2024
Салық кодексі жобасынан сабақ алдық па?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жаңа Салық кодексін қабылдауды келесі жылға қалдыруды ұсынды. Президенттің айтуынша, жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай саралау қажеттігі туындап отыр, яғни кім қанша көп табыс тапса, сонша салық төлеуі керек. Бұл тұрғыда Президент жаңа Салық кодексін қайта қарап, талқылау жүргізіп барып қабылдауды ұсынды.
Сараптама • 04 Қыркүйек, 2024
Қаржы нарығын тағы да кезекті реформа күтіп тұр. Тамыздың соңғы онкүндігінде ел тарихында болмаған жаңа агенттіктің құрылатыны белгілі болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) «Ұлттық рейтингтік агенттік туралы» жаңа заңның жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қоғамдық талқылауға шығарды. Тиісті жобаны талқылау Ашық НҚА порталында 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қаржы • 30 Тамыз, 2024
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялап, мөлшерлемені 14,25 пайыз деңгейінде қалдырды. Бас банктің хабарлауынша, ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені бүгінгідей деңгейде сақтау ықтималдылығын арттыруға себепші болып тұр.
Салық • 28 Тамыз, 2024
Жаңа Салық кодексі: Үкімет пен Парламенттің сыналар сәті
Жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеушілерге қатысты айтылар пікір де, сын да баршылық. Қоғамдық пікір салықтың бюджетке емес, нарыққа, сол арқылы бизнеске дем бергенін құптап тұр. Апта басында Құрылысшылар одағы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында сарапшылар, бизнес-қоғамдастық өкілдері және мүдделі мемлекеттік органдар салық пен нарық арасындағы түйткілді мәселелерді талқылады.
Теңге • 20 Тамыз, 2024
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) сарапшылардың ұлттық экономиканың жақын болашағы туралы сауалнамасының қорытындысын ұсынды. Нәтиже көңіл көншітпей тұр. Тәуелсіз сарапшылар алдағы бірер жылда девальвациялық үрдістер ресейлік валюта нарығынан біздің нарыққа ауысуы әбден мүмкін екенін айтады. Екі ел экономикасының жоғары интеграциясы, валюта нарығымыздың көлемі мен ашықтығы девальвациялық үдерістерді де «интеграциялап» жіберуі мүмкін.
Қаржы • 20 Тамыз, 2024
Табыс салығы: Банктердің тәуекелі арта түсті
Ұлттық экономика министрлігінің екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) корпоративті табыс салығы мөлшерлемесін 20%-дан 25%-ға арттыру туралы ұсынысы банк секторына бұлтсыз күнгі найзағайдай әсер етті. Бұл талап 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізілуге тиіс жаңа Салық кодексінде қарастырылмақ.
Салық • 15 Тамыз, 2024
Инвестор салық талабына келісе ме?
Уран қайтадан инвестиция құралына айнала бастады. Соңғы бір жылда радиоактивті металл бағасы екі есеге жуық өсті. 2024 жылдың қаңтарында 1 фунт уран оксидінің спот бағасы 94 доллардан асты. Ақпанда баға 107 долларға жетті. Көктемнің басында құнның төмендеуі тіркелді, бірақ мамырда металл қайтадан қымбаттады. 27 мамырда уранның 1 фунты 92,10 доллар болды. Шілдеде уран бағасы 1 фунт үшін 86 долларды көрсетті. Осы орайда еліміз уран өндіруге арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен – 2025 жылы 6%-дан 9%-ға, 2026 жылдан бастап сараланған тәртіппен 18%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр.
Бюджет • 09 Тамыз, 2024
Бюджеттің кіріс бөлігін көбейтудің амалы қайсы?
Биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша кірістің айтарлықтай тапшылығы байқалды. Қаржы министрлігі 2024 жылдың бірінші жартысына арналған есебінде бюджет кірісінің 81 пайызға орындалғаны айтылған. Жоспардағы 6,9 трлн теңгенің орнына 5,6 трлн жиналды. Бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 1 трлн теңгеге аз.
Қаржы • 27 Маусым, 2024
Кейінгі бірнеше күнде долларға қатысты теңге бағамы біраз шайқалып кетті. Анығында күрт әлсіреп 1 доллар 460 теңгеге дейін құнсызданды. Сарапшылардың сөзінше, бұл – 2024 жылдың ақпан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ұлттық валюта өзінің ең ауыр құнсыздану деңгейіне шықты деген пікірлер жиі айтыла бастады. Жарты жыл тоқтаусыз нығайған ұлттық валютамыздың «күшею» траекториясынан аттап өтіп, белгісіз бағытқа бет алғаны байқалып қалды.
Экономика • 25 Маусым, 2024
Экономиканы әртараптандыру: Мұнайды не алмастырады?
Мұнай – біз үшін қомақты табыс әкелетін экономикалық бонус. Алайда шикізатқа тәуелді болу басқа салалардың дамуын тежейтіні белгілі. Мемлекет басшысы да бұл жөнінде «Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды» дегені белгілі.