Экономика • 24 Қараша, 2023
Экономикалық форумда 1 трлн 55 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды
Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Форум алдында қатысушыларға Түркістан өңірін танытатын көркемсурет галереясы мен презентациялар, халықаралық бизнес пен инвестициялық жобалар жәрмеңкесі ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Қараша, 2023
Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасындағы ІІ Түркі универсиадасы өз мәресіне жетті. Бауырлас елдердің спортшы өрендерінің басы қосылған Түркістандағы дүбірлі додаға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан мен Түркия елдерінен 500-ден аса жас қатысып, төрт күн бойы спорттың жеті түрінен өзара бақ сынасты. Спорттық ойындар «Olympic Сenter» спорт кешені мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізілді.
Еңбек • 08 Қараша, 2023
Зейнетке шықса да бұл маманның көмек-кеңесіне, білім-тәжірибесіне өңір мұқтаж. Сол себепті де аудан басшылығы арнайы шақырып, жұмысын жалғастыруын сұраған. Ізін басып келе жатқан шәкірттері мен жас мамандар саланы жетік меңгергенше кеңес беріп, бас-көз болуын өтінген. Шәкірт демекші, әке жолын қуып осы мамандықты таңдаған ұлдары мен қызы да үлгілі еңбегімен елге танылып үлгерді. Әкімдіктің ұсынысын ойлана келе, зейнеткерлікке дейінгі қызметін басшы емес, қатардағы инженер болып жалғастыруға келіскен-ді. Иә, біз бір кездері елеусіздеу болып көрінгенмен, ауыл шаруашылығы саласында сұраныс бар мамандық иесі Саттар Керімбаев туралы айтып отырмыз.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
«Шамшырақ» газетінің 92 жылдығына орай Түлкібас ауданы әкімдігі мен Қазақстан Журналистер одағының қолдауымен аудан орталығындағы көшеге атауы берілді.
Аймақтар • 06 Қараша, 2023
Түркістан облысының 4 ауданы – Созақ, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтті. Аталған елді мекендердің барлығында сайлаушылар белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Әсіресе аға буын өкілдері таңсәріден келіп, жастарға үлгі көрсетті.
Аймақтар • 02 Қараша, 2023
«Жасыл белдеу» 30 мың гектарға жетеді
Түркістан облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы болып саналады. Облыс бойынша зиянды заттар шығарындыларының нақты көлемі биылғы 9 айда 14,3 мың тоннаны құрады. Экологиялық проблемаларды шешу бойынша «Жол картасына» енген 21 іс-шараның 9-ы орындалған. Рұқсат етілмеген полигондардың өсуі, қатты тұрмыстық қалдық полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі – өңірде өзекті мәселе. Космомониторинг аясында биыл өңірде 414 полигон анықталып, оның 87%-ы жойылды.
Шаруашылық • 01 Қараша, 2023
Түркістан облысы тауарлы балық өндіруден республика бойынша көш басында. Балық шаруашылығын дамытуға мемлекетте қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, аква өсіру бойынша жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қарастырылып, 31 шаруашылыққа субсидия берілген. Бұдан бөлек инвестициялық салымдарды субсидиялауға биыл республикалық бюджеттен 226,2 млн теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Балық шаруашылығымен айналысатын 14 кәсіпкер «Түркістан ӘКК» акционерлік қоғамы арқылы 5,4 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алу бойынша құжаттарын өткізген. Оның ішінде, 4 шаруашылыққа 1,6 млрд теңге несие беру қолдау тапқан.
Балалар • 23 Қазан, 2023
Бұл күннің басты кейіпкері де, эмоциясына ерік бергені де балалар болды. Бірнеше күн ересектер алдында өнер көрсетуге дайындалған дарындар да бұл күнді ұмытпас. Иә, айтайын дегеніміз Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінің 28 гвардия ауылында жеке кәсіпкердің демеушілігімен 145 орынды балабақшаның ашылғаны еді.
Байқау • 22 Қазан, 2023
Қазақ әндерін шырқаған әлем әншілері
Түркістандағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Voice of Turan – 2023» халықаралық қазақ әндері фестивалі өтті.
Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Ясауи мұрасына қатысты жұмыстардың барлығы әлемдік деңгейде жүргізілуі керектігін айтқан болатын. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес Ясауи мұраларын зерттеу бағытында орталық немесе институт құру жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұл жөнінде Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұрасына жаңа көзқарас» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда айтылды.