
Қоғам • 30 Маусым, 2020
Аты жаман індеттің өзгерген түрі іспетті жазғы тұмау түркістандықтарды да әбігерге салуда. Соңғы келіп жеткен ақпараттарға сүйенсек, облыс көлемінде осы түрдегі жұқпалы тұмаумен ауырғандардың қатары 1 мыңнан асқан. Қазір облыс тұрғындары тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке жиі жүгінуде. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталған.