Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде
Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Шымкенттік шаруалар өз өнімдерін делдалсыз саудалауда
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарында тікелей шығаруға келіскен болатын.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Агросектордың орталығына айналады
Тәж вирусының күн өткен сайын ел аумағына тарала түсуі көктемгі дала жұмыстарына, агросекторға кедергі келтіріп жатқаны жасырын емес. Осы түйткілді түйінді ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин енгізілген өңірлерде сақтық шараларын күшейте отырып, ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударуды тапсырды. Күні таңмен күлімдеп, жері ерте оянатын күнгей өлкеде қазір нағыз белді буып, кетпен шабатын кезең. Енді кешіксе несібесін Жер-анадан айырып отырған шаруаларға үлкен шығын болмақ. Жылыжайлардың мекені саналатын Түркістан облысы мен шырайлы Шымшаһардың ерте қимылдаған шаруақорлары әне-міне дегенше қырыққабатын қырқып, қияры мен қызанағын үзіп базарға шығара бастады.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2020
Шымкентте коронавирус індетімен күресуші дәрігерлерді арнайы автобуспен тасымалдауда
Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 19 сәуірден Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды.
Коронавирус • 20 Сәуір, 2020
Шымкентте тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты
Шымкент қаласында 19 сәуірде тағы бір адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2020
Шымкентте азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ құрылған. Олар жергілікті билік бекіткен 9 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұруын бақылайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2020
Шымкентте коронавирусқа қарсы жұмыстар күшейтілді
Әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирусқа қарсы сақтық шаралары Шымкент қаласында да күшейтіліп жатыр. Бүгінгі таңда жергілікті билік қосымша профилактикалық шараларды қолға алды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік – халқы тығыз орналасқан өңір. Сондықтан індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз» деп, жергілікті атқарушы органдарға карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. Осы орайда, біз оңтүстік өңірдегі ең ірі қала, еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент шаһарында Мемлекет басшысының аталған тапсырмасы қалай орындалып жатқанына тоқталып, 13-19 сәуір аралығында атқарылған жұмыстарға шолу жасап көрмекпіз.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2020
Шымкенттік медицина қызметкерлерінің отбасына сыйлық табысталды
Шымкенттік медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктар тарту етілді. Қашықтан оқу жүйесіне көшкен дәрігерлердің балаларына сыйлықтарды «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері жеткізіп берді.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2020
Шымкентте «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 4 жағдай тіркелді
19.04.2020 жылғы сағат 12:10-дағы мәлімет бойынша ауру жұқтырған азаматтар жеке-жеке 1964ж, 1984ж, 1985ж, 1991 жылғы туған Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2020
Шымкентте қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылады
Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.