Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Шымкентте азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде

1028 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ құрылған. Олар жергілікті билік бекіткен 9 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұруын бақылайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты.

Шымкентте азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде

- Қалада жалпы 1900-ден астам дүкен бар. Қазір олардың 157-сіне жоғарыда аталған 9 тауар түрін шекті бағамен сату керектігін ескерткен. Бірер күнде барлық кәсіп иелері құлақтандырылады. Одан әрі бағаны асырған дүкен иелеріне ескертусіз айыппұл салынады, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «GraMad Retail» ЖШС-мен келісім түзген.

Қазіргі таңда аталмыш серіктестіктің қоймасында азық-түлік қоры жеткілікті. Оған қоса тауарлардың көтерме бағасы тұрақты. Келісім негізінде серіктестік көзінің 2 супермаркетінде азық-түлікті белгіленген бағада сатып жатыр.

Енді «GraMad» супермаркетіне «Magnum» «Фиркан» сауда желілері де қосылды. Қазір қала аумағында бекітілген бағамен азық-түлік сатып жатқан 21 сауда желісі бар.

Оған қоса «GraMad» супермаркеті қаладағы «Алаш», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Акбар» және «Айна» базарда арнайы көлікпен жылжымалы сату нүктелерін ұйымдастыруда.

«GraMad», «Magnum», «Фиркан» супермаркеттерінің 21 сауда нүктелері мен бес базардағы жылжымалы орындарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.

 

 «Фиркан»

Бірінші сұрыпты ұн (1 келі) - 166 тг​
күріш (1 келі) - 272 тг​
қалыпты бөлке нан - 73 тг​
жұмыртқа 10 данасы - 305 тг​
өсімдік майы (1 литр) - 422 тг​
тұз (1 келі) - 47 тг​
сиыр еті /сүйекті жауырын төс бөлігі/ (1 келі) - 1900 тг​
макарон /рожки/ (1 келі) - 212 тг

«Фирканның» 12 сауда желісінде әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты.

«Mагнум»

Бірінші сұрыпты ұн (1 келі) - 165 тг​
күріш (1 келі) - 255 тг​
қалыпты бөлке нан - 73 тг​
жұмыртқа 10 данасы - 305 тг​
өсімдік майы (1 литр) - 422 тг​
тұз (1 келі) - 50 тг​
макарон/рожки/ (1 келі) - 187 тг​
сиыр еті /сүйекті жауырын төс бөлігі/ (1 келі) - 1904 тг​
қарақұмық (1 келі) - 299

«Mагнумның» 7 сауда желісінде әлеуметтік азық-түліктер бағасы тұрақты.

«Gramad»

Бірінші сұрыпты ұн (1 келі) - 147 тг​
күріш (1 келі) - 272 тг​
қалыпты бөлке нан - 73 тг​
жұмыртқа 10 данасы - 305 тг​
өсімдік майы (1 литр) - 421 тг​
тұз (1 келі) - 50 тг​
сиыр еті /сүйекті жауырын төс бөлігі/ (1 келі) - 1904 тг​
макарон /рожки/ (1 келі) - 208 тг​
қарақұмық (1 келі) – 318​
құмшекер (1 келі) - 194 тг​
қырыққабат (1 келі) - 107 тг​
картоп (1 келі) - 105 тг​
пияз (1 келі) - 114 тг​​
сәбіз (1 келі) - 120 тг​
«gramad» 2 сауда желісінде әлеуметтік азық-түліктер бағасы тұрақты.

 

Шымкент