Заң • 24 Қараша, 2024

Есірткі бизнесіне қатысқан полицейлер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін 

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларға есірткі таратуға қатысқаны үшін жазаны қатаңдату ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі бизнесіне қатысқан полицейлер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін 

Депутат Мәжілісте есірткі өндірушілеріне жазаны күшейтуге бағытталған маңызды заң жобасы талқыланып жатқанын жеткізді.

- Жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатайту ұсынылды. Бұл – әділетті шешім. Депутаттар осы норманы қолдап дауыс берді. Алайда бұдан да күрделі мәселе бар: қылмыспен күресуі тиіс азаматтар өздері есірткі бизнесіне араласқан кезде не болады? Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен өздерінің лауазымын, қызметтік мүмкіндіктерін және ақпаратқа қолжетімділікті пайдаланып, есірткі айналымына қатысқан өзге де лауазымды тұлғаларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу туралы ұсыныс жасадық, – деп жазды Асхат Аймағамбетов телеграм арнасындағы парақшасында.

Депутаттың пікірінше, егер олардың кінәсі дәлелденсе, мұндай әрекеттер ең қатаң түрде жазалануға тиіс.

- Себебі бұл – азаматтардың мүддесіне жасалған сатқындық, қоғам сеніміне нұқсан келтіріп, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мемлекет басшылығы есірткі бизнесімен және оның таралуымен күресті ымырасыз және жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Қоғам үшін үлкен қауіп төндіріп отырған осы мәселені жоюға бағытталған есірткіге тәуелділікпен күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті нығайтатын қосымша шаралар да қабылданып жатыр, – деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025