Нұршат ТӨКЕН
Нұршат ТӨКЕН«Egemen Qazaqstan»
1049 материал табылды

Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Шаһар шырайын шағын бизнес ашады

Республикалық қала мәртебесін алғаннан бері Шымқаланың дамуына сын көзбен қарап, «шаһар дотациядан қашан құтылады?» деген пікірлер жиі айтыла бастады. Дегенмен де Елбасының бұл шешімі Шымкенттің шырайын арттырып, дамудың даңғыл жолына түсіре бастады. Бас-аяғы екі жылдың ішінде шетелдік инвесторлардың назары ауған аймаққа айналып шыға келді.   

Сұхбат • 24 Ақпан, 2020

Мәйегі мығым мәдениетке туристер де қызығады

Шырайлы Шымкент шаһары үшінші мегаполис мәртебесін алысымен халықаралық іс-шараларға белсене араласа бас­та­ды. Еліміздің оңтүстігінде орналасқан 2200 жылдық тарихы бар ежелгі қала 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени аста­насы болып жарияланды. Енді шетелден келген қонаққа Қазақ елінің меймандостығын, мәдениетін, тұрмыс-салтын, дәстүрін жақсы қырынан көрсету қажет. Осы арқылы миллионнан астам тұрғыны бар қаланы халықаралық ірі туристік маршруттарға қосқан ләзім. Таяуда тұрғындарға берген жылдық есебінде шаһар басшысы Мұрат ӘЙТЕНОВ бұл тұрғыда қаланың жоспары айқын, мақсаты биік екенін жеткізді. Қала әкімімен әңгімемізде аталған тақырыпты тарқата түстік.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2020

Шымкент: Мұрат Әйтенов «Тұран» тұрғындарымен кездесті

14 ақпанда өткен Шымкент қаласы әкімінің жылдықесебінде бірқатар шағынаудан тұрғындары инфрақұрылыммәселелері жөнінде шағым айтқан болатын. Тұрғындардыңмұң-мұқтажын тыңдаған шаһар басшысы Мұрат Әйтеновкеше «Тұран» және «Тассай» шағынауданыныңтұрғындарымен кездесті.

Қазақстан • 22 Ақпан, 2020

М.Әйтенов: Жемқорлықпен күрес әрқайсымыздың ортақ міндетіміз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

Шымкентте салынып жатқан нысандардың сапасы қатаң бақылауда

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы Шымкентке келді

Жеңістің 75 жылдығына орай еліміздің барлық өңірлерінде түрлі эстафеталар жалғасуда. Осы айтулы дата аясында үшінші мегаполистегі Даңқ аллеясында Шымкент гарнизоны Алматы қаласынан даңқты панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік туы­ның көшірмесін салтанатты түрде қабылдап алды. Ту көшірмесін Қазақстан әскери-тарихи музейі­нің Алматы қаласындағы филиалы ұсынып отыр.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

Негізсіз тексеру – кәсіпке кедергі

Соңғы уақытта Шымкент қа­ласында жер теліміне байланыс­ты дау-шарлар көбейіп келеді. Мұның себебін әр­кім әрқалай айтып жүр. Бірі қалаға қосыл­ған елді мекендердің «ескі жыры» десе, енді бірі кезінде шаһардағы ауыл­ша­­руа­шылық мақсатындағы жер­лер­ді тұрғын үй салу бағыты бойынша заң­сыз заңдастырудан шыққан дейді.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Мектеп бітіруші түлектер жол құрылысы саласымен танысты

2020 жылға арналған мектептер мен колледждерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы мамандары Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп гимназиясында бітіруші түлектер яғни 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын  жүргізді.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Ерікті жастар еркін форматта пікір алмасты

Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар жылының» жалғасы ретінде «2020 - Волонтерлар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бағытта Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратында ауданның белсенді, ерікті жастарының қатысуымен форум өтті.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Француздар Шымкенттің туристік әлеуетіне қызығушылық танытты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен және Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті.