Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
453 материал табылды

Қоғам • 20 Маусым, 2025

Жатқа «жем болған» жеке дерек

Әлеуметтік желілерде ел азаматтарының жеке деректері ашық базаларға шығып кетті деген ақпарат тарады. Бұл жаңалық қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Себебі мәліметтер саны 16 миллионнан асады. Яғни ел халқының басым көпшілігінің аты-жөні, ЖСН, туған күні, мекенжайы, азаматтығы, ұлты, тіпті ұялы және үй телефон нөмірлері интернетте жарияланып кеткен. Мұндай жағдайда қарапайым азамат өзін қалай қорғайды? Деректер қайдан шықты? Жауапты кім?

Digital • 20 Маусым, 2025

Жасанды интеллект бәсекесі қыза түсті

Жасанды интеллект саласындағы жаһандық жарыс қыза түсті. Әрбір технологиялық компания «GPT-4» деңгейінде ЖИ-модель жасай алатынын көрсетсе де, көшбасшы болу қиын екенін мойындап үлгерді. Өйткені алпауыт компаниялар алдыңғы орын үшін барын салып жатыр.

Ғалам ғажаптары • 20 Маусым, 2025

Бір ағашта қырық жеміс өседі

АҚШ-тағы Сиракуз универ­ситетінің маңында ерекше ағаш өседі. Оның бір ғана діңі бар, бірақ бұтақтарынан өрік, шие, шабдалы, бадам, қара өрік сияқты қырыққа жуық түрлі жеміс өсіп шығады.

Ғалам ғажаптары • 20 Маусым, 2025

Ауыртпайтын амал

Бұрын биопсия, яғни денеден тін алып, зерттеу ауыр әрі жағымсыз ем-шара болатын. Сол үшін де көп адам тексеруден қашады. Ал Ұлыбритания ғалымдары биопсия жасаудың мүлде жаңа амалын ойлап тапты.

Ғалам ғажаптары • 20 Маусым, 2025

90 тонна өнім жинайды

Ауыл шаруашылығында қол күші азайып, техниканың үлесі артып келеді. Соның таңғаларлық бір мысалы – күніне 90 тонна алма жинай алатын.

Ғалам ғажаптары • 18 Маусым, 2025

Чип жасайтын ЖИ

Қытай Ғылым академиясы процессор чиптерін бірнеше күнде автоматты түрде жобалайтын «QiMeng» атты жасанды интеллект жүйесін таныстырды.

Ғалам ғажаптары • 18 Маусым, 2025

Ақылды қала

Күзге қарай Жапониядағы әйгілі «Toyota» компаниясы әлемдегі алғашқы толықтай автономды ақылды қала – «Woven City» жобасын іске қоспақ.

Ғалам ғажаптары • 18 Маусым, 2025

Шығыс Еуропадан Алтайға дейін

Нью-Йорк университетінің зерт­теушілері неандерталь адамдардың 120 мың жылдан 60 мың жылға дейінгі аралықта Шығыс Еуропадан Алтайға дейін қоныс аудару жолдарын компьютерлік модельдеу арқылы анықтады.

Digital • 17 Маусым, 2025

«AqylTech», «IT-Aiel» бағдарламаларының тиімділігі жоғары

«AqylTech» және «IT-Aiel» онлайн оқыту бағдарламаларына ресми түрде тіркеу басталды. Аталған бастама – жастар мен әйелдердің қаржылық, цифрлық және жасанды интеллект салаларындағы дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарламалар Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің, сондай-ақ «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Білім • 17 Маусым, 2025

Мақсаты – Марсты зерттеу

Олар – небәрі 16 жаста. Бірі – «3D» модель жасауды меңгерген, екіншісі – дәнекерлеу мен электроникаға әуес. Сәния Шоқан мен Еңлік Маман биыл Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сыныбын аяқтады. Олар өз қолымен құрастырған марсиандық «LikiSanktum» атты робот макетімен «Kazakhstan Smart Space 2025» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды. Жобаның басты мақсаты – Марс бетіндегі жерасты үңгірлерін анықтайтын құрылғы жасау.