Білім • 30 Желтоқсан, 2025
2025 жылы елімізге шетелден 35 мың студент келген
Қазіргі таңда жоғары білім беру саласында интернационализация үдерісі бүкіл әлемде қарқын алып келеді. Яғни студенттер басқа елдерге барып оқуды жиі таңдайтын болған. Мамандардың дерегінше, 2022 жылы басқа мемлекеттерде оқуға кеткен студенттер саны 69 миллион адамды құраған. 2030 жылға қарай шетелде білім алатын студенттер саны одан да көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
Биыл білімге қаржы жинайтындар көбейді
Дәстүрлі мемлекеттік білім беру гранттарымен қатар, жоғары білім алудың жаңа тетіктері де енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген ерікті жинақтаушы білім беру жүйесі осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл жүйе 2024 жылдан бастап іске қосылып, ата-аналарға баланың ерте жасынан бастап болашақтағы білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа тетік жоғары білімге қаржылық қолжетімділікті арттыруға және білім беру саласын ұзақ мерзімді тұрғыда тұрақты дамытуға бағытталған.
Ғылым • 28 Желтоқсан, 2025
2025 жылы ғылымды коммерцияландыру нәтижесі қандай?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық есебіне арналған баспасөз мәслихатында отандық ғылымның коммерцияландыру бағытында нәтижеге жеткенін мәлімдеді.
Ғылым • 26 Желтоқсан, 2025
Кейде адам болашақты алдын ала сезеді. Ойлағанымыз орындалса, түйсігім алдамапты ғой дейміз. Алайда бұл тек интуиция емес. 2020 жылы Аризона университетінің ғалымдары адам миындағы эндокрин безінің ерекше қасиетін анықтаған. Ол адам денесінің температурасында да кванттық ақпаратты өңдей алады.
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
BAQ.KZ 15 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақ тілді журналистика кеңістігінде өз орнын айқындап, оқырманын қалыптастырып үлгерген BAQ.KZ ақпарат агенттігі 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде портал оқырман үшін сенімді дереккөзге айналды. Жедел жаңалықтар, сараптамалық мақалалар, ресми хабарламалар, авторлық контент жасау – бәрі осы платформаның күнделікті жұмысы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2025
Илон Маск: Болашақта ақшаның маңызы жоғалады
АҚШ-Сауд Арабиясы инвестиция форумында сөз сөйлеген Илон Маск жасанды интеллект пен робототехника дамыған сайын жұмыс ұғымының өзгеретінін айтты. Оның пайымынша, алдағы кезеңде адамдар күнкөріс үшін еңбек етуге мәжбүр болмайды, ал ақша өзінің қазіргі маңызын біртіндеп жоғалтады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қараша, 2025
Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты
Жақында Парижде өткен халықаралық «iGEM» байқауында Nazarbayev University студенттерінің командасы синтетикалық биология саласындағы алтын медаль мен «Best Entrepreneurship» арнайы жүлдесін жеңіп алып, әлемнің ең үздік жас биоинженерлері қатарына қосылды. Байқауда дүниежүзінің әр түкпірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы мен 420-дан аса команда бақ сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Қараша, 2025
Ноутбук пен планшеттен бас тартты: Батыс елдері дәстүрлі білім жүйесіне бет бұрды
Жақында «The Economist» АҚШ пен Еуропада дәстүрлі білім беру форматына қайта оралу үрдісі байқала бастағанын жазды. Кейінгі 10 жылда мектептер мен университеттер сабақ пен бағалауды толық цифрландыруға тырысқан еді. Алайда 2022-2024 жылдар аралығында жазбаша және ауызша емтихандардың үлесі қайта өскен екен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Әлемде 1,3 млрд әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған
БҰҰ деректеріне сүйенсек, дүниежүзіндегі әрбір үшінші әйел өмірінде кемінде бір рет зорлық-зомбылыққа тап болған. Бүгінде зардап шеккендердің саны 1,3 миллиард адамға жуықтайды. Ал цифрлық кеңістіктің кеңеюі жаңа қатерлерді күшейтіп отыр. Онлайн-қорлау, қудалау, рұқсатсыз интимдік контент тарату, дипфейк – бәрі қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Алайда әлем мемлекеттерінің 40 пайызынан азында ғана интернеттегі зорлық-зомбылықпен күресуге арналған нақты заңнамалар бар, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 30 Қыркүйек, 2025
Аризона университетінің астрономдары планетаның жаңадан жаралып жатқан сәтін суретке түсіріп алды. Ғаламшар Жерден 437 жарық жылы қашықтықтағы WISPIT-2 жұлдыз жүйесінде орналасқан, деп жазады Egemen.kz.