Жасанды интеллект • Бүгін, 13:02

Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық «Inception» стартапы «Mercury 2» деп аталатын жаңа жасанды интеллект моделін таныстырды. Бұл модельдің ерекшелігі – мәтін жазу тәсілі бұрынғы тілдік модельдерден мүлде бөлек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллект бес есе жылдам жазатын болды

Әдетте жасанды интеллект жауапты біртіндеп құрастырады. Ал «Mercury 2» әуелі мәтіннің нобайын келтіріп, кейін бірнеше рет өңдеп, жақсартып шығады. Бұл әдіс сурет пен видео жасайтын нейрожелілердің жұмыс принципіне ұқсайды. Осындай тәсілдің арқасында жаңа модель өте жылдам жұмыс істейді. Жүйе секундына 1000 токеннен астам мәтін жаза алады, яғни қазіргі көптеген бағдарламалардан шамамен бес есе жылдам. Жылдамдық артқанымен, жауап сапасы төмендемеген.

Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?

Әзірлеушілердің айтуынша, оның нәтижелері «Claude 4.5», «Haiku» және «GPT-5.2» Mini секілді заманауи модельдердің деңгейімен шамалас. Мамандар бұл жаңалықты жасанды интеллект технологиясының жаңа кезеңі деп бағалап отыр. Егер диффузиялық архитектура кең қолданысқа енсе, болашақта жасанды интеллект жауапты ұзақ «ойланып» жазбай, бірден құрастырып, тез өңдеп шығаратын жүйеге айналуы мүмкін.

Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?

 

 
Соңғы жаңалықтар