Құрылыс • 26 Қыркүйек, 2025
«Бақты – Аягөз» теміржол желісі қашан аяқталады?
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдегі көлік-логистиканы одан әрі дамыту керектігін айта келіп: «Үкімет «Бақты – Аягөз», «Қызылжар – Мойынты» жобаларын уақтылы жүзеге асыруға тиіс. Себебі аталған жобалар еліміздегі теміржол жүйесінің толық қаңқасын қалыптастырады», деп қадап айтқан. 2023 жылы басталған жоба 2025 жылы мәресіне жетуге тиіс еді. Президенттің «жобаларды уақтылы аяқтауға» айрықша мән беруінің де төркіні осыдан туындаса керек.
Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2025
1993 жылы құрылған «Агрофирма Приречное» кәсіпорны мал және өсімдік шаруашылығын қатар дамытып келеді. Қазір 3 мыңнан аса ірі қара бар. Соның ішінде, қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл тұқымы және етті, сүтті сиырлар өсіріледі. 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жаңасемей ауданының Приречное ауылында орналасқан шаруашылықтың егістік жер көлемі – 6 793 гектар. Биыл 1 787 гектарға картоп, көкөніс және мал азығына қажет дақылдар егілген. Өнім сыйымдылығы 14 мың тонна болатын 7 қоймада сақталады.
Жәдігер • 25 Қыркүйек, 2025
Осыдан 140 жыл бұрын, 1885 жылы Абай Құнанбайұлының Семейдегі орыс достарының бірі Нифонт Долгополов жаз айларында ақынның ауылына барып, екі айдай қонақ болады. Қайтып келген соң ол Семейдегі өлкетану музейіне Абай ауылынан әкелінген қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты елуден астам зат тапсырыпты.
Бизнес • 20 Қыркүйек, 2025
Студенттердің шағын наубайханасы бар
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Жарма технология колледжінде «Алтын Шар» шағын наубайханасы ашылды. Салтанатты рәсіміне колледж әкімшілігі, педагогтер, әлеуметтік серіктестер мен студенттер қатысты.
Байқау • 19 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, көрнекті режиссер Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті. Фестиваль Ұлытау облысында 13 қыркүйекте ашылған.
Абай • 18 Қыркүйек, 2025
Бұл той басқа тойдан өзгерек. Абай тойы туралы деректерді адақтап көрсек, қашан да елдің басын біріктірген, берекенің мерекесі болғанын көреміз. «Арттағыға сөзің мен ісің қалса, Өлсең де өлмегенмен боласың тең», деп хакімнің өзі бекер айтпаса керек.
Мектеп • 11 Қыркүйек, 2025
Заманауи мектеп пайдалануға берілді
Семейдегі Водный кентінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстанның Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Алма Шүкіжанова қатысты.
Инвестиция • 09 Қыркүйек, 2025
Абай облысында өңірлік инвестициялық штабтың алғашқы отырысы өтті. Өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиынға инвесторлар, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты.
Жәдігер • 30 Тамыз, 2025
«Абай» журналының ахуалы қалай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытұлы негізін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек», деген еді. Бірақ...
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Семей қаласының Водный кентінде «Білім ордасы – болашақ кепілі» атты Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген жаңа мектепте өтті.