Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше
«Қайта даярлау» – қажетті қадам
Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай және Қопа тұрғындарына кәсіпті жетілдіру бастамасы іске қосылды. Бағдарлама тек мамандық игеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасу мен кәсіби дағдыларды жетілдіруге жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Тағам қауіпсіздігі қоғам назарында
«Ауру астан» демекші, бүгінде тағам қауіпсіздігі қоғамды үнемі алаңдатып тұрған мәселе. Сапасыз өнімдерден туындайтын тағамдық уланулар мен ішек инфекциялары жылдан жылға көбейіп, халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 05 Желтоқсан, 2025
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 05 Желтоқсан, 2025
Семейде 25 мың орындық стадионның құрылысы басталды
Семей – футболдың отаны. Олай дейтініміз, 1913-1914 жылдары Семей қаласында алғашқы футбол клубы пайда болды. «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және семнинаристердің «Ярыш» студенттік клубы құрылды. Футбол сол кездегі Орталық Азия мен Сібір сауда орталығының бірі саналған Семейге Англия саудагерлерімен келген дейді тарихи деректер. Осы «Жарыс» ФК құрамында әйгілі жазушы жазушы Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Енді міне бір ғасырдан кейін сол жерге үлкен футбол стадионы салынатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Биыл Абай облысына 500-ге жуық адам қоныс аударды
2025 жылға арналған ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы асында Абай облысына 499 адамға квота бекітілген. Оның 244-і қандастар, 255-і жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 21 Қараша, 2025
Агро еңбеккерлеріне алғыс айтылды
Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Семейдегі Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Алтын күз» салтанатты іс-шарасы аясында өңірдің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандар марапатталды.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Абай облысында дрондар өрісте бағусыз жайылған малға байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Резервтік қызметке қабылдау басталды
Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қорғаныс министрлігі халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындағаны айтылған. Заң қабылданды. Қазір Абай облысында азаматтарды үш жылдық келісімшарт негізінде резервтік әскери қызметке қабылдау басталды.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
«Бір жылда 2 млн-нан астам көшет отырғызылды»: Экологтар Абай облысындағы ахуалды түсіндірді
Кең залға енді жайғасып болғанымызда жиынның бағыт-бағдары, әуелгі кіріспе сөзі айтылып біткен. Топты жиынды айтқанына иландырып, еріксіз баурап әкететін маманның алғырлығы ма, кей жиында күбір-сыбыр оңайлықпен басылмайтын, не қалғып-шұлғып нәумез тыңдайтын студенттердің бұл жолғы ынтасы бөлек. Жиыны 150-дің үстінде. Тақырып – орман турасында екен.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Абай, Ислам, Жасмин: Сәбилерге қандай есім көп қойылды?
Әлеуметтанушылардың айтуынша, жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылатын есімдерге қарап, қоғамның ерекше қадір тұтатын идеал тұлғаларын білуге болады екен. Осыған орай Абай облысында 2025 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдердің кім екенін бағамдап көрген едік.