
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Қазір смартфонды ашып қалсақ, желіде ұтыс ойнатып, жұрттан ақша жинап жатқандарды жиі көретін болдық. Блогерге 10 мың теңге аударып, парақшасына жазылып кетсеңіз болғаны, шетелдік қымбат көлік ұтасыз дегенге, тіпті бір үйір жылқы тіккені де бар. «Бұл неғылған батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық?» дегеннің кебі. Сөйтіп, ертегідегі қасқырдай тегін құйрықты қарпимын деп сан соғып қалғандар көбейді.
Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024
Қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Тебінгісіне тер қатқан салт аттылар 14 команда болып кеше таңғы 7.00-де Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанып кетті.
Байқау • 17 Мамыр, 2024
Нұртілеу турнирі мәресіне жетті
Жазу-сызудың айналасындағы және өнер адамдарының бір сыпырасы бильярд ойынына құмбыл келеді. Бұл өзі – сиқырлы таяғын асынып, жасыл шұғалы алқапқа ақ бөкендей жосыған ақ шарларды үркітпей, біртіндеп ұяшыққа тоғытудан ләззат алатын қауым. Тіпті арасында жүлгесі үзілмеген, жүлдесі қомақты дәстүрлі турнирлер кәсіби бәсекелерден бір кем өтпейді.
Энергетика • 17 Мамыр, 2024
Елдегі инфрақұрылым мәселесі әлеуметтік жағдайға әсер ететіні анық. Әсіресе шалғайдағы ауылдар мен моноқалалардағы жағдай алаңдатады. Кейбір аудандардың инфрақұрылымы әбден тозған. Оларды жаңартуға, қызметкерлердің жалақысын өсіруге де қаражат қажет. Тұтынушылардан түскен қаражат нақты осы саланы жақсартуға жұмсала ма?
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Тәуелсіздіктің алғашқы елең-алаңында жетім балаларды «жылату» етек алып, естен тандыра жаздады. Оған 1998 жылы қабылданған «Неке және отбасы туралы» заңдағы олқылықтар да себепкер болғаны рас. Кейін заң түзелді. Бірақ жетімдер мәселесі толық шешілді деу қиын. Осыны дұрыс жолға қоюды мемлекет кейінгі уақытта қолға ала бастады.Мұның айқын дәлелі Тәлімгерлік институтын дамыту дер едік.
Мектеп • 09 Мамыр, 2024
Елордалық мектеп батыр есімін иеленді
Отан қорғаушы күні мен Жеңіс мерекесіне орай Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев есімін беруіне орай, салтанаты іс-шара өтіп, ескерткіш тақта орнатылды. Сонымен қатар осында батырдың атындағы алғашқы әскери патриоттық кабинет ашылды.
Қоғам • 09 Мамыр, 2024
Ардагерлерге 2 миллионнан беріледі
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 79 жыл толды. Бұл күні Жеңіс күні деп тойланғанымен, «соғыста жеңімпаз жоқ» деген сөз бар. Өйткені оның шығыны мен зардабын қай-қай жаққа да оңай тимейтіні рас. Сондықтан да қан майданға қатысқан ардагерлер мен олардың артында қалған жұбайларына әлеуметтік көмек көрсету – қоғам парызы.
Су тасқыны • 16 Сәуір, 2024
Екінші толқынның екпіні алаңдатады
Елімізде су деңгейі әзірге ала-құла. Әсіресе солтүстікте жағдай әлі де күрделі. Кей жерлерде су деңгейі түскенімен, Жайықтың Ресейден келетін арнасы алаңдатып отыр. Қыр астында қызыл су барын күн бұрын бағамдаған ел қауіптің алдын алуға жұмыла қам-қарекет қылып жатыр. Алайда мамандарды негізгі елеңдетіп отырғаны су тасқынының екінші толқыны.
Төтенше жағдай • 10 Сәуір, 2024
Тілсіз жау әлі де тізгінге ырық бермей тұр. Еліміздің бес аймағындағы су қоймалары кемеріне келіп қалды. Әсіресе батыс өңіріндегі өзен суларының деңгейі күн сайын өрлеп бара жатқаны байқалады. Соған сай мемлекеттік құрылымдармен бірге жұртшылық та тайлы-тұяғы қалмай Жайықтың жағасында дамылсыз дамбы салып, келе жатқан қауіптің алдын алуға жұмылды.
Төтенше жағдай • 04 Сәуір, 2024
Еліміздің батыс өңірінде су деңгейі шамалы төмендегенімен, елдің орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде өзен сулары көтеріліп жатқаны байқалады. Әзірге бес облыста су басу қаупі бар. Жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды. Ал Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай әлі де күрделі.