Бизнес • 28 Қараша, 2024
Астана: Бизнес қанат жайып келеді
Биыл жыл басынан бері елордада шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің 1 658 жобасы жүзеге асқан. Қалада «Астана бизнес-2» өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді. Ол бойынша елордада тіркеліп, жобасын осы қалада іске асыратын кәсіпкерлер 7 пайызбен несие алуға қол жеткізеді.
Экономика • 26 Қараша, 2024
Экономиканы дамытуда көрші елдермен сауда-саттық байланыс жыл сайын артып келеді. Әсіресе Ресеймен стратегиялық одақтастық қатынасты тереңдету экономиканы қалыпты дамытуды нығайта түседі.
Шымкент • 26 Қараша, 2024
Дамудың өзегі мен өндірістің өркендеуі
Елдегі үш мегаполистің бірі ретінде Шымкент қаласы қарқынды дамып келеді. Әр істі жедел әрі сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейі артқан. Бүгінде жаңа жұмыс орнын ашу, жалақыны көбейту, баспана салу, жол жөндеу, жарықтандыру сияқты маңызды мәселелер күн тәртібінде тұр.
Өндіріс • 22 Қараша, 2024
Өнімі адам ағзасына пайдалы кәсіпорын
Тек таңдаулы шикізаттан жоғары сапалы ұн шығаратын «Фирма АЛиКС» ЖШС 12 жыл бұрын құрылды. Оның басты артықшылығы – ұн құрамындағы астық компонентін толық сақтай отырып нан жасайды.
Шаруашылық • 20 Қараша, 2024
Биылғы 9 айда азық-түлік өндірісі 2,4 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға өсім бар. Оған қоса, бірқатар сүт, қант және өсімдік майы өндірісінің өсуі анық байқалады. Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың арқасында болып жатыр.
Экономика • 16 Қараша, 2024
Мемлекет-жекеменшік әріптестігі әлеуеті
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемалар қатарында энергетика секторы мен коммуналдық шаруашылық салаларын, жол-көлік инфрақұрылымын атады. Бұл ретте тек мемлекеттік қаржыландыруға сенім арту – жеткіліксіз. Экономикаға жеке инвестицияны көптеп тарту талап етіледі. Сондықтан Президент мемлекет-жекеменшік әріптестігінің (МЖӘ) маңызына тоқталып, Үкіметке МЖӘ арқылы жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалар пулын айқындауды тапсырды.
Өндіріс • 15 Қараша, 2024
Ірі тұтынушылар отандық өнімге назар аударса игі
«Polytech Astana» полиэтилен шығарып, осы тауарға деген сұранысты өтеп отыр. ЖШС басшысының айтуынша, 2004 жылы құрылған кәсіпорынға 2013 жылы №1 Индустриялық паркінен жер бөлініп, толық негізде түрлі өлшемдегі құбыр шығару жолға қойылды. Өндіріске 4,15 млрд теңге инвестиция салынған.
Фармацевтика • 13 Қараша, 2024
Дәрі-дәрмек тапшылығы реттеледі
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Сондай-ақ отырыста халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары да күн тәртібіне шығарылды.
Экономика • 13 Қараша, 2024
Батыс өлкедегі байсалды бастамалар
Елге инвестиция тарту – тек қаржы көзі ғана емес, сондай-ақ шетелдік тәжірибе мен мүмкіндіктердің келуіне жол ашу. Бұл дамудың жаңа бағытына, ауқымды өзгерістерге, экономиканың әр саласына тың серпін береді. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында бірқатар игі іс атқарылды.
Байқау • 09 Қараша, 2024
Бас жүлде – «Жақсылық жалғасында»
Отандық деректі фильм Үндістандағы кинофестивальда бас жүлде мен екі бірдей марапатқа ие болды. Бұл – елдегі кино өнерінің биік көрсеткіші.