Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
151 материал табылды

Экономика • 24 Мамыр, 2024

Мақталы аймаққа апаратын магистраль

Өзбекстан іргесіне орын тепкен Дарбаза теміржол стансасынан Мақтааралға тартылатын шойын жол құрылысы өткен жылдың қараша айында басталды. Қазір жалпы ұзындығы 152 км болатын магистралдың астыңғы жол төсемдерін төсеу жұмысы қызу жүріп жатыр. Жаңа теміржол желісі қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Біздің ел одан не ұтады?

Ипотека • 22 Мамыр, 2024

Жаңа ипотека қанша жасты қуантады?

Жақында іске қосылған «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына тоғыз мың азаматтан өтініш қабылданып үлгеріпті. «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер арасында 35 жасқа дейінгі азаматтар көш бастап тұр.

Үкімет • 16 Мамыр, 2024

Есепке алудың электронды жүйесі

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте шаруашылықтар бойынша есепке алудың электронды жүйесінде деректерді жаңарту жөніндегі жұмыстың аралық қорытындылары қаралды.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2024

Президент тапсырмасының жүзеге асуын тексерді

Үкімет басшысы Олжас Бек­­тенов Ақмола облысына іссапармен барды. Көкше­тау қаласының №2 аудан­дық қазандығының жөндеу жұ­мысын көрді. Көк­темгі егіс науқанының бары­сын тексеріп, ауыл шаруа­шы­лығы тауарын өн­діру­шілері­мен кездесті. Сондай-ақ Макинск қаласындағы құс фаб­ри­касының жұмысымен танысты.

Мәселе • 16 Мамыр, 2024

Шегіртке таралып кетпеуі керек

Өңірлерде шегірткенің таралуына жол бермеу және фитосанитарлық іс-шаралар жүргізу үшін жедел жұмыс комиссиялары құрылады. Мұндай шешім вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қабылданды.

Өндіріс • 14 Мамыр, 2024

Өрмекті өнімге сұраныс жоғары

«AZALA Textile» – елімізге кеңінен танымал бесаспап компанияның бірі. 2004 жылы жіп иіру және тоқыма фабрикасы ретінде құрылған. Араға 11 жыл салып бояу, әрлеу және тігін ісін атқаратын екі өндірістік нысаны іске қосыл­ды. Бүгінде аталған өндіріс орны мақта талшығын өңдеуден бас­тап, тігілген дайын өнімін нарыққа шығаруға дейінгі жұмыстарды түгел атқарады.

Қоғам • 23 Сәуір, 2024

Алғаш рет ғимарат жасылмен таңбаланды

Астананың жасыл құрылыс индустриясында айтулы оқиға болды. «Lake House» құрылыс компаниясы еліміздің жасыл құрылыс кеңесімен (KazGBC) бірлесіп «Aruna City» тұрғын үй кешенінде жасыл ғимарат «маркерінің» салтанатты көрсетілімін өткізді.

Қоғам • 12 Наурыз, 2024

Әселдің әлемі

Табиғи болмысы мен кәсібі астасып, екеуі бір бума бұрымдай өріліп кеткен адамдар болады. Әрине, олай болуға ер жігітте мүмкіндік мол. Оған өз қалауын жасауға кедергі жоқ. Мұндай мағыналы жағдай нәзік жандар арасында тым сирек. Себебі шаңырақ шаруасы мен бала табу және оның тәрбиесі бар. Сол сиректің бірі – ҚазЖолҒЗИ ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әсел Нұғманова, деп жазады Egemen.kz.

Шаруашылық • 22 Ақпан, 2024

Бөдененің арнайы жемі

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу универ­ситетінің ғалымдары сіңімді және табиғи өсімдік компоненттерін қолдана отырып, бөдене өсіруге қажетті байытылған жем жасап шығарды. Ол бөдененің еті мен жұмыртқа өнімінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті.

Саясат • 15 Ақпан, 2024

Теңіздегі тілектестік

Таяуда Әзербайжан делега­ция­сы­ның жұмыс сапары шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша отырыс болды. Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігі мен Қазақстанның Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану, рұқсаттар квотасын (үшінші елдер үшін рұқсат) ұлғайту, Құрық портында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет­ті­лігі, сондай-ақ тиеуді жүзеге асыратын локомотивтер санын көбейту туралы келісім жоба­сына қатысты мәселелер талқы­ланды.