Туризм • 29 Мамыр, 2024
Алматыда «Цзянсу суының әуені» атты конференция өтті
«Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында алғаш рет Алматыда «Цзянсу суының әуені» атты мәдениет пен туризмді ілгерлету конференциясы өтті. Оған Цзянсу өлкесінің Мәдениет және туризм департаменті директорының орынбасары Ма Лун, Қытайдың Алматыдағы Бас консульдігінің Бас консулінің орынбасары Люй И және Алматы облысының Туристік ақпараттық орталығының директоры Марат Көшер арнайы келді.
Медицина • 28 Мамыр, 2024
Дәрігерлер біліктілігі айқындалды
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жыл сайын кемінде 35 мың науқас медициналық көмекке жүгінеді, оның 14 мыңнан астамы стационарлық көмекке жатқызылады. Медициналық мекеменің жетістіктері мен ауруханаға жатқызудың жоғары деңгейі тек мықты басшылық пен білікті ұжымға байланысты болса керек. Бұлай деуімізге – Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп, сыртқы кешенді бағалаудан сәтті өтуі дәлел.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Кегенде кәсіпкерлер көбейіп келеді
Он мыңға жуық халық тіршілік ететін Кеген ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық ахуалы ай аунап, жыл өткен сайын артып келеді десек асыра айтқандық емес. Көшелері көріктеніп, түнгі шамдар самаладай жарқырап көңіл қуантады.
Білім • 18 Мамыр, 2024
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысының «WorldSkills Qonaev – 2024» аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара елімізде кәсіптік-техникалық және жоғары білімнің дамуы мен көрсеткіштерін одан әрі жақсартуға мол мүмкіндіктер ашып, оң ықпал етіп отыр.
Мектеп • 17 Мамыр, 2024
Алматы облысы, Талғар ауданы Нұра ауылында сыйымдылығы 920 орындық орта мектеп 1969 жылы пайдалануға берілген. Мектептегі қазіргі бала саны 1 134, оларды 117 мұғалім оқытады. Білім шаңырағы былтыр күрделі жөндеуге жабылып, мұндағы 800 оқушы көршілес Туғанбай ауылындағы №30 орта мектепке 9 ай бойы тасымалданып оқытылса, қалған 334 оқушы ауылдық әкімдіктің ғимараты мен мәдениет үйінде жоқтан бар жасап, әупірімдеп оқығаны ащы ақиқат.
Өндіріс • 15 Мамыр, 2024
Тұрмыстық тауар өндірісінің жетекшісі
Отандық өндірістің бір пұшпағын илеп келе жатқан «Zeta» компаниясы елімізде кеңсе жиһаздарын, тұрмыстық пластмасса өнімдерін шығарумен әйгілі. Компанияның еліміз бойынша 8 зауыт-фабрикасы бар болса, соның 3-еуі Талғар ауданында жұмыс істеп тұр.
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2024
Сәуір айының соңына таман таулы өңірдің халқынан маза қашады. Кеген ауданының Ұзынбұлақ, Қарабұлақ, Жылысай, Жалағаш ауылдық округтерінің егіс және шабындық алқаптарындағы шытыр гүлдерін рапс жапырақ жемірі жайлап, өсімдіктің жапырақтарын кеміріп, орасан зор зиян келтіреді. Тұрғындар дабылынан соң, аталған өңірге Алматы облыстық аумақтық инспекциясы мен сала мамандары зиянкеспен күрес жұмыстарын жедел ұйымдастырды. Әкімдік өкілдері мен ауыл тұрғындары бірлесе атқарған улау жұмыстары нәтижесін беріп, аз уақыттың аралығында зиянкестердің көзі жойылды.
Тағзым • 14 Мамыр, 2024
Жеңіс күніне жеткен жеті ардагер
«Бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп әнеки жағада тұр», деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер қатары селдіреп қалды. Отан үшін от кешіп, оққа ұшқан ержүрек бабалардың ерлік істері мәңгі ұмытылмайды. Ал арамыздағы ардагерлерді ардақтау – айнымас парыз.
Талбесік • 13 Мамыр, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын – ардагерлерді қолдауға арналған.
«Таза Қазақстан» • 11 Мамыр, 2024
Алматы облысының және Іле Алатауының інжу-маржаны – Есік көлінің жағасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы бастау алды. Өзендер мен көлдердің жағасын тазалауға бағытталған бұл акцияға еріктілер, жақын маңдағы ауыл тұрғындары, қоғам белсенділері білек түре атсалысты.