Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
216 материал табылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Марат Сұлтанғазиев: Аймақты жан-жақты дамыту – басым бағытымыз

Алматы облысы өткен жылы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша орнықты өсім көрсетті. Инвестиция тарту қарқыны күшейіп, өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты. Өңірдің негізгі көрсеткіштері мен алдағы басым бағыттары туралы облыс әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ сұхбат барысында жан-жақты әңгімелеп берді.

Тағзым • Кеше

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

Тәңіртаудың етегінде дүние есігін ашқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, Тасашы орта мектебі жанындағы интернат оқу­­шыларының қатысуымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби-танымдық кеш ұйым­дастырылды.

Аймақтар • Кеше

Автобус паркі жаңартылды

Алматы облысында жолаушылар тасымалындағы өзекті мәселенің бірі қоғамдық көліктің жай-күйі еді. Тұрғындар автобустардың ескіргені мен қыс айларында салонның суық болатынына жиі шағымданатын. Кейінгі үш жылда облыстағы 240 автобустың 113-і жаңартылды. Бұл жалпы автобус паркінің 47 пайызын құрайды.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2026

Жалағаштағы жарқын істер

Көрікті Көлсайға жетелейтін күре жолдың бойында орналасқан Жалағаш ауылы – облыс орталығы Қонаев қаласынан 300 шақырымға жуық қашықтықтағы құтты мекен. Бүгінде 700-ден астам отбасы берекелі тіршілік кешіп жатқан елді мекеннің ажары жыл санап ашылып келеді. Алақандай ауылдың шаруасы шалқып, туризм мен кәсіпкерлік өрістей бастаған. Әсіресе, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жұртшылыққа үлгі боларлық ілкімді істерді айрықша атап өткен ләзім.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2026

Су құбырының құрылысы қашан аяқталады?

Тұрғындарының саны шамамен елу мыңға жуықтайтын Талғар қаласында төрт жылдан бері салынып жатқан магистральдық су таратқышының құрылысы әлі күнге дейін аяқталмай келеді.

Жәдігер • 24 Қаңтар, 2026

Сары самаурын

Кеген ауданында адам қызығарлық «Қара шатқал» деп аталатын туристік нысанда әзірге 2-3 сауда желісі, фотоға түсу аймағы мен бес метрге дейін жарқабаққа шығаратын адреналинге толы экстремалды әткеншек жұмыс істеп тұр. Келешекте бұл аймақта әйгілі әйнеккөпір салынып, «демалушыларға ұмытпастай әсер қалдыратын болады» деген болжам бар. Онымен қоса капсулалы қонақүйлер мен мейрамхана, атпен, велосипедпен серуендейтін арнайы орындар ашылады.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2026

Тәжірибелік тренинг

Алматы облысында білім саласын цифрландыру және жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу бағытында тәжірибелік тренинг өтті.

Спорт • 21 Қаңтар, 2026

Балуандар бақ сынасты

Қарасай ауданындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты мәреге жетті. Жарысқа облыстың барлық аудандарынан 450-ден астам спортшы қатысты. Сайыста U-20 жас санатындағы жастар, сондай-ақ 15 жасқа дейінгі спортшы өрендер бақ сынасты.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2026

Өндірісі өрістеп, ырысы еселенген өңір

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің жоспарлы жұмысы аясында 2025 жылы Алматы облысын дамытуға басымдық берілді. Негізгі мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайту. Жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту күн тәртібіне шықты. Бұл бағыттағы шаралар облыс тұрғындарының 80 пайыздан астамы тұратын ауылдық аумақтарды қамтыды.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026

Автобус паркі жаңартылды

Қонаев қаласында Президенттің тапсырмасына сәйкес, жол-көлік инфрақұрылымы жыл сайын дамып келеді. Облыс орталығы болғалы барлық ескі автобус жаңартылып, қала мен ауылдар арасында қатынайтын бағыттар ашылып, жолаушыларға тиімді жағдай жасалып жатыр.

Яндекс.Метрика