«Таза Қазақстан» • 31 Шілде, 2024
Тазалыққа спортшылар атсалысты
Суға шомылу науқаны басталғалы Қапшағай көлінің жағасы адам аяғынан босаған емес. Сондықтан жағажайдың тазалығы – басты назарда. Өткен сенбіде Қонаев қаласында экологиялық мәселелерге назар аудару және өңірдің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза жағажай» ауқымды экологиялық іс-шарасы өтті.
Аймақтар • 31 Шілде, 2024
Қапшағай су қоймасында өткен «Oceanman Kazakhstan-2024» байрақты бәсекесіне 17 елден 2 600-ден аса спортшы келіп, ашық суда жүзуден халықаралық жарыс аяқталды. Биыл қатысушылардың рекордтық саны тіркелді.
Қоғам • 30 Шілде, 2024
Қазір Алматы облысында 13 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді. Бірақ оның жеткіліксіз екендігін Райымбек ауданының халқымен кездесуінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айрықша атап өтті. Бүгінде тағы 18 өрт сөндіру бөліміне қажеттілік туындап отыр. Шетін мәселе шетінен шешім таба бастады. Оған дәлел – аудан орталығы Нарынқол ауылынан өрт сөндіру бөлімінің ашылуы.
Қоғам • 26 Шілде, 2024
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда ерекше маңызға ие «Ауыл аманаты» бағдарламасы Алматы облысында да қарқын алып, қарапайым халықтың өз кәсібін ашып, нәпақасын табудың тиімді тетігіне айналып отыр.
Экономика • 25 Шілде, 2024
Алматы облысында жаңа инвесторларды тарту, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және логистика, туризм, баламалы энергетика және өнеркәсіп, соның ішінде жер қойнауын пайдалануды дамыту – негізгі стратегиялық бағыттар.
Саясат • 23 Шілде, 2024
Өзекті мәселелерге назар аударды
Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Алматы облысы Есік қаласындағы қазіргі заманғы мектеп құрылысымен танысты. 900 оқушыға арналған білім ордасы – өткен жылғы Ақмола облысындағы Қосшы қаласында ашылған мектептен кейінгі заманауи үлгіде салынып жатқан екінші білім беру мекемесі.
Қоғам • 23 Шілде, 2024
Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің жалпы экспозициясы өлкенің бай табиғаты мен көне тарихынан сыр шертеді. Музейдің орналасқан ғимараты – 1933-1934 жылдары Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ораз Жандосовқа салынған үй.
Оқиға • 20 Шілде, 2024
Алматы облысында апта басынан бері бұршақ араласқан жаңбыр толассыз жауып, бірқатар аймақтарда ағын сулар пайда болды.
Саясат • 16 Шілде, 2024
«Ауыл аманатының» тиімділігі талқыланды
Алматы облысына іссапармен келген Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова өңірде «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуымен және жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ өңірді өркендетуде өзіндік үлесі зор өндіріс орындарының еңбек ұжымымен жүздесіп, ауыл ахуалын жақсарту жолында келелі пікір алмасып, ой бөлісті.
Қоғам • 16 Шілде, 2024
«Су – тілсіз жау» деген. Талғар ауданы Кеңдала аулындағы Үлкен Алматы каналын (ҮАК) жағалап жүгіріп жүрген кішкентай балапанның аяқасты ағыны қатты суға құлап, ағып бара жатқанын байқап қалған Серікжан Сембайұлының еш кідірместен суға қойып кетіп, баланың өмірін сақтап қалған ерлігі лезде елге тарады.