Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
284 материал табылды

Денсаулық • 16 Шілде, 2024

Өсім жоғары өңірде дәрігер тапшы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақы­пова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Алқалы басқосуға Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, облыстық мәслихат өкілдері, қалалар мен аудандардың әкім­де­рі, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары және тағы басқалар қатысты.

Аймақтар • 16 Шілде, 2024

Ветеринарлар көлік жаңартты

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Ветеринария саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні сала ардагерлері мен жас маман­дарға Құрмет грамоталары мен Алғысхаттар табысталды. Іс-шара барысында 4 облыстық, 11 аудандық және қалалық ветеринарлық стансаларға 15 жаңа авто­көліктің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Білім • 13 Шілде, 2024

Астана – жастар қаласы

Зеңгір көкпен таласқан таулары бар өңірде өмірге келіп, әсем Алматыда білім алған Айым Асхатқызының арманы асқақ. Мектепті үздік бітіріп, мемлекеттік грант иегері атанған жастың қиялы қияға самғап, Сарыарқа төсіне қанат қақтырды.

Экология • 13 Шілде, 2024

Қоқыс сұрыптау алаңы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері бұл іс-шараға Алматы облысынан 700 мыңға жуық азамат тазалық шарасына атсалысып, 20 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Саясат • 11 Шілде, 2024

Фермерлер мәселесі – депутаттар назарында

Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары Серік Егізбаев, Жигули Дайрабаев, Ерболат Саурықов Алматы облысының Іле ауданындағы «Береке» индустриялды аймағында орналасқан экспорттық жеміс-жидек кластерімен айналысатын «Fruitart» серіктестігінің жұмысымен танысты.

Мирас • 11 Шілде, 2024

Қарқара төріндегі қымызмұрындық

Мал-жанның қонысына қолайлы Қарқара – ежелден құт мекен. Шөбі шүйгін, суы мөлдір, ауасы жұпар хан жайлаудың тарихына зер салсақ, Қазақ даласының құнарлы бір пұшпағы саналатын бұл жер халықаралық дәрежедегі алыс-беріс, сауда-саттық жәрмеңкесінің орталығына айналған. 1916 жылғы әскердің қара жұмысына адам алу туралы ақ патшаның жарлығына қарсы шығып «бала өлгенше, шал өлсін» деп бас көтерген батыр бабаларымыздың ерліктері де осындағы «Ереуілтөбе» ескерткішінде тасқа қашалып жазылған. Тарихи өлкеге табаны тиген жан алдымен бабалар рухын асқақтатқан осынау еңселі ескерткішке аялдап, Құран бағыштайды. «Қарқара қалың қазақ кебесіндей, Албанның албырт ерке енесіндей. Қарағай қапталдағы, жыныс арша, Қыдырлы малдың құтты келесіндей. Қарқара жарасымды жазық жайлау, Үй-күлше, құрттың жайған өресіндей» деп жыр жүйрігі Ілияс Жансүгіров келісті келбетін суреттеген Қарқараның қойнауы құт, жазығы сыр жасырған жәдігерге толы.

Спорт • 06 Шілде, 2024

Қонаев командасы топ жарды

Алматы облысында футболға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Атап айтсақ, бір жарым жыл бұрын Қонаев қаласында футболдан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, бүгінде әр ауданда филиалдары тұрақты жұмыс істейді.

Мәдениет • 04 Шілде, 2024

Бір мезетте мың адам күй тартты

Елімізде ерекше маңызға ие Ұлттық домбыра күні Алматы облысында да айрықша аталып, ұлттық өнер дәріптелді. Қонаев қаласында айтулы мерекеге орай «Домбыра-дастан» фестивалі өтті. Оған аймақтың түкпір-түкпірінен қара домбыраны қолына алған мыңдаған музыканттар жиналды. 

Аймақтар • 04 Шілде, 2024

Ауыл сәніне айналған саябақ

Ауылдың ажарын ашып, көркін кіргізу жолындағы игілікті істер легі бірінен соң бірі атқарылып, тұрғындардың көңіл күйін шат-шадыман етіп жатыр. Көптен күткен саябақтардың құрылысы аяқталып, ауылдағы ағайын бір жасап қалды. Енді қала қызығына телмірмей, ауылда да уақытын көңілді һәм тиімді өткізе алады.

Спорт • 03 Шілде, 2024

Толағайлар топ жарды

Қонаев қаласында «Толағай – алыптар сайысы» атты об­лыс­тық турнир ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – ұлт­тық дәстүрді насихаттай отырып, жастарды төзім­ділікке баулу.