Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
193 материал табылды

Жемқорлық • 19 Қыркүйек, 2023

«Жемқорлар кім?» десе...

Кейінгі күндері ел назарын өзіне аударған жаңалықтың бірі – мемлекет мүлкін ием­деніп, қылмыстық жолмен қомақты қаржыны заңдастырғаны үшін Қайрат Боранбаевтың дүние-мүлкі тәркіленіп, 6 жылға сот­талуы. Оның сыбайластары Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа қа­тыс­ты да сот үкімі шығып, бірі – 6, екіншісі – 5 жылға бас бостандығынан айы­рылды.

Дін • 18 Қыркүйек, 2023

Дін талабы көпке ортақ

90-жылдарға дейін бір діни басқарманың құрамында болған көрші Өзбекстанның бас мүфтиі Нұриддин Холикназаров киім кию, сақал өсіру және қажылық секілді қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген өткір мәселе туралы сөз қозғап, халықты артық кетпеуге шақырды.

Құқық • 15 Қыркүйек, 2023

Экология заңнамасын бұзу азаймай тұр

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – елі­міз үшін алдыңғы кезекте тұр­ған мәселе. Бұл жайында Мем­лекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында, осы салаға жауап­ты мамандармен кездесу­лерінде үнемі айтып келеді.

Айбын • 14 Қыркүйек, 2023

Қорғаныс ісі: Отандық өндіріс неге омалып тұр?

Таяуда Қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысты айтылып жүрген әртүрлі алыпқашпа әңгімелерге орай ресми түсініктеме жариялады. Ол жерде қорғаныс ведомствосы мен қару-жарақ техникаларын шығаратын отандық кәсіпорын – «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС арасындағы кикілжіңдерге байланысты толық жауап берілген.

Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023

Патологиялық кесел немесе ойынқұмарлық неге күшейді?

Лудомания немесе ойын­құмарлық – әлемде жедел қарқынмен жайылып бара жатқан алапат эпидемия, жас талғамайтын психикалық індет. Бұрын казино, карта ойнау секілді тікелей қарым-қатынас арқылы жүретін құмар ойындар интернеттің және TikTok секілді әлеуметтік желілердің пайда болуы­мен аясы бұрынғыдан кеңейіп, тартымдылығы ар­тып, виртуалды әлемде де өз құрбандарын көптеп құры­ғына түсіріп жатыр.

Инфографика • 12 Қыркүйек, 2023

Індетпен күресу – міндет

Ширек ғасыр бұрын қа­зақ жастары арасында мас­күнемді проблемасы көбі­рек айтылатын болса, қа­­зір нашақорлық мәселесі ұлт саулығына кері әсер ететін басты қатерге айналды.

Айбын • 06 Қыркүйек, 2023

Танкист

Бейбіт заманда әскери қызметтің ыстық-суығына төзіп, жауынгерлік міндетін адал орындап жүрсе де, ел көзіне түсе бермейтін кейбір мамандық иелері бар. Солардың бірі – танкистер. Олардың әр күні майданда жүргендей өтеді. Өйткені ел басына күн туғанда алдыңғы шептен көрініп, жаудың бетін бірінші болып қайтаратындар осылар. Сондықтан да олар жауынгерлік дайындыққа баса мән береді.

Құқық • 05 Қыркүйек, 2023

Бір әділ шешім мың тағдырды қорғайды

Конституциялық сотта «Орталық Азиядағы HELP» жобасы аясында Еуропалық Одақпен және Еуропа Кеңесімен бірлесіп, «Адам құқықтарының бұзылуына байланысты құқықтық қорғау құралы ретінде Конституциялық сотқа жеке-дара өтініштер» тақырыбында семинар (Workshop) өтті.

Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023

«Хиджаб дауын» дәстүр шешеді

Қазіргі қазақ қоғамын көптен толғандырып, толғағы басылмай тұрған екі мәселе бар: бірі – тіл, екіншісі – «хиджаб дауы». Соның ішінде кезекті оқу жылы басталар алдында мектеп жасындағы балалардың хиджабпен сабаққа бару мәселесі жыл сайын көтеріліп жүр. Бірақ түйіннің түпкілікті шешілер түрі жоқ. Керісінше барған сайын оны қолдаушылар мен қарсылар арасындағы пікір қайшылығы үдеп бара жатқандай.

Құқық • 30 Тамыз, 2023

Жан жарасының емі бар ма?

Отбасындағы балаларға қарсы және балалардың өз арасындағы зорлық-зомбылық оқиғалары ұрпақ өсіріп отырған әрбір ата-ананың басты уайымына айналды. Бұл мәселеге қазіргі күні Президенттен бастап барлық жауапты мекеме жіті назар аударып, алдын алудың жолдарын жан-жақты талқыға салып жатыр.