Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
549 материал табылды

Сұхбат • 18 Сәуір, 2024

Айман Омарова: Зорлық-зомбылыққа қарсы заңнама – Президенттің саяси шешімі

Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнамаға әйелдердің құқық­тары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Бұл заң­на­ма­лық өзгерістер қоғамға не береді? Ушығып тұрған зорлық-зомбы­лық ахуа­лына қандай серпіліс әкеледі? Біз белгілі құқықтанушы, адвокат Айман ОМАРОВАНЫ әңгімеге тартып, осы сұрақтардың жауабын білуге тырыстық.

Сұхбат • 16 Сәуір, 2024

Беслан Бекбұзаров: Ауған ардагерлері үшін отаншылдық пен әділеттік маңызды

Бұрынғы кеңестік республикалар үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ел басына төнген зұлмат – Ауған соғысы. Бұл соғыста халқымыздың қаншама боздақтары жат жердегі оқ пен оттың ортасында ажал құшты, көпшілігі елге мүгедек болып оралды. Бүгінде елімізде олардың мүддесін қорғайтын бірнеше ұйым бар. Соның бірі – Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерін қолдау қоры. Біз осы ұйымның төрағасы, «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» РҚБ Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша филиалдарының басшысы Беслан Бекбұзаровты әңгімеге тарттық.

Қоғам • 15 Сәуір, 2024

Жалған хабарламаның мақсаты – үрей тудыру

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында өңірлерді су алып, ел басына күн туғанда жалған хабар таратушылар жығылған үсті­не жұдырық болып жатқанын қын­жыла жет­кізді. Министрдің айтуынша, тіпті кейбір жағ­дайларда теріс ақпарат салдарынан құт­қару бригадалары көмек қажет емес жерлерге ат­танып, қымбат уақыттарын текке шы­ғындаған.

Қоғам • 15 Сәуір, 2024

Екі ауысымдық қауырт жұмыс

Батыс пен оңтүстік өңірлерден бастау алған су тасқыны қатері елдің солтүстігіне де жылжып келеді. Таяу күндері елорданың маңындағы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында да төтенше жағдай қаупі туындады. Айта кетейік, аталған елді мекен Астанадан 26 шақырым жерде.

Айбын • 15 Сәуір, 2024

Айдын Айымбетов: Ғылымсыз ғарыш жоқ

Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлер күніне орай елорда­мыз­дағы Ұлттық қорғаныс университетінде ғарышкер, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетовпен кездесу өтті. Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және оқу орнының ұстаздары мен магистрант­та­ры қатысты.

Саясат • 12 Сәуір, 2024

Зорлық-зомбылыққа қарсы заң қандай өзгерістер енгізілді?

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалы­ғымен Палата отырысы өтіп, депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдады.

Пікір • 11 Сәуір, 2024

Тасқын тоқтатар тәсіл

Біраз уақыт бұрын Дінмұхамед Қо­наев­тың «Сталиннен Горбачевке дейін» атты кітабын оқып отырып, мына бір қызықты дерекке кезіктім. Тасқын суды тоқтататын «қарабура» әдісі жайында жазыпты. Көп адам біле бермейтін бұл әдіс шын мәнінде назар аударарлық.

Халық • 10 Сәуір, 2024

Әскерилер 150 адамды эвакуациялады

6 сәуірде Қарулы күштердің инженер­лік техникасы Қонаев гарнизонынан елдің батысындағы су басқан аймақ­та уақытша байланыс өткелін ұйым­дастыру үшін жеткізілді.

Қоғам • 10 Сәуір, 2024

Мүфтият жәрдемі

Еліміздің 10 өңірін су алып, халықтың басына сынақ келгенде дін өкілдері де қарап қалмай, жамағатты жұмылдырып, қам-қарекет жасап жатыр. Осы күнге дейін ҚМДБ тапсырмасымен Астана қаласы өкілдігінің өзі «Қиындықта ел бірге!» акциясы аясында Арқалық қаласына – 2, Ақтөбе облысына – 3, Оралға – 1, Атырауға 2 фура қайырымдылық көмек жіберді.

Айбын • 09 Сәуір, 2024

Шекара шебіндегі қақтығыс

1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы Пшихарв шат­­қалында бол­ған шайқас 17 қазақ сарбазының өмірін жал­мады. Бауырлас елдің шека­­­расын күзет­кен өрімдей жас жа­уын­­герлер ауған тарапынан келетін қауіп-қатердің бетін қай­та­рып, заңсыз сауда-саттықтың жолын кесу мақсатында әскерге ат­танған болатын.