Отбасы • 22 Маусым, 2023
Жұбы жарасқан тәртіп сақшылары
Олар – бір мамандықты өмірлік кәсіп етіп, қоғам тыныштығын күзетіп жүрген жұбайлар. Отанмен бірге отбасының да бірлігі мен татулығын сақтап өмір сүру – жауапты іс. Полиция қызметінің бар ауыртпалығын бірге көтеріп, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан тәртіп сақшыларының қатарында Жәнібек пен Әйгерімнің шаңырағын да ерекше айтуға болады.
Қоғам • 22 Маусым, 2023
«Адал адам» идеясы және ұрпақ тәрбиесі
Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында комиссия мүшелері Президенттің Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан ұсыныстарын талқылады. Соның ішінде бала тәрбиесі, балалар туризмі, секциялар мен үйірмелер ашу, адам құқықтары бойынша мектеп сабақтары, балалар кітабын басып шығаруды жандандыру сынды өзекті мәселелерді көтерді.
Құрылтай • 21 Маусым, 2023
Құрылтай жүктеген міндеттер қалай жүзеге асады?
Қазіргідей алмағайып заманда ұлтты адастырмай, өзі армандаған азаттық жолына алып шығатын бір үлкен басқосу керек еді. Кезінде ел басына күн туғанда хандар мен билер үш жүздің игі жақсыларын Ордабасыдағы құрылтайға шақырғаны белгілі. Бүгінде қару емес, идеологиялар қақтығысқа түскен руханият майданында да жаһанданудың иіріміне жұтылып кетпес үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық құрылтай» деген атаумен халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым өмірге келді.
Форум • 20 Маусым, 2023
Астанада Халықаралық волонтерлер форумы басталды. Кеше шымылдығын ашқан іргелі жиынның алғашқы күні елімізден және әлемнің 34 мемлекетінен келген қонақтар волонтерлік қозғалысты қолдау мен дамыту, өзара тәжірибе алмасу, сонымен қатар волонтерлердің мәртебесін арттырып, халықаралық ынтымақтастық пен өзара іс-әрекетті нығайту мәселелерін кеңінен талқыға салды.
Әскер • 19 Маусым, 2023
Өткен сенбі күні Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында жыл сайынғы «Айбын» жастар жиыны басталды. Іс-шара 23 маусымға дейін жалғасады.
Төтенше жағдай • 16 Маусым, 2023
Тілсіз жау толық тізгінделді ме?
Ел аумағында өрт оқиғасы жыл өткен сайын жиілеп барады. Үш жыл бұрын – 700, былтыр 757 орман өрті болған. Осы жылы елімізде 146 орман өрті, 700-дей дала өрті тіркелді. Солардың ішінде ауқымы мен келтірген шығыны, оның ішінде адам шығыны жағынан өткен жылғы Қостанай облысында болған және бірер күн бұрын ғана беті қайтқан Абай облысындағы тілсіз жау трагедиясы көптің қабырғасын қайыстырып отыр.
Әскер • 15 Маусым, 2023
2022 жылы әскерге шақырылған сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеген соң жоғарғы оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Оларға 1500 орын бөлініп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрлігі аппарат басшысы, полковник Ербол Құмарбекұлы мәлім етті.
Қылмыс • 15 Маусым, 2023
Киберқылмыс: Цифрлы алаяқтар апаны
2017 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, цифрландыру үрдісін қоғамның барлық саласына енгізу ісі қолға алынғаны белгілі. Бұл – заман талабы. Дегенмен бүгінгі қоғамды «санмен» байланысты екі мәселе алаңдатып отыр. Бірі – сандар арқылы тағдырыңды, болашағыңды болжап беремін дейтін алаяқтар болса, екіншісі – қылмыстары «цифрланған» кибералаяқтар. Біздің бұл мақаламыз осы екінші топтағы қылмыс түрлері мен одан қорғану үшін жасалып жатқан шаралар туралы болмақ.
Әскер • 15 Маусым, 2023
Аумақтық әскердің қуаты қандай?
Елімізде аумақтық әскерлердің құрылғанына 6 жыл толды. 2017 жылғы 13 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылған болатын. Ал 2018 жылғы сәуірде әкімдіктердің жанындағы аумақтық қорғаныс құрамалары Қарулы күштер аумақтық әскерлерінің әскери бөлімдері болып қайта құрылды.
Әскер • 14 Маусым, 2023
Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқуын тәмамдаған түлектерді салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. 150-ден астам магистрант Қарулы күштер офицерлер корпусының, басқа да әскери құралымдардың қатарын толықтырды.