Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2538 материал табылды

Сенат • 28 Наурыз, 2024

ЕАЭО шеңберінде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң мақұлданды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 28 Наурыз, 2024

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 5 боксшымыз алтынға таласады

27 наурызда Әзербайжан елінің бас қаласы Бакуде бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Астана уақытымен сағат 16:30 - 19:45 аралығында жартылай финалда жұдырықтасқан 4 боксшымыз да жеңіске жетіп, байрақты бәсекенің финалына шыққан еді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 28 Наурыз, 2024

Премьер-министр «Петропавл», «Сергеев» су тораптарының жағдайын тексерді

Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлем • 28 Наурыз, 2024

Нобель сыйлығының иегері Даниель Канеман көз жұмды

Мінез-құлық экономикасының негізін салушылардың бірі Даниэль Канеман 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның асырап алған қызы Дебора Трейсман журналистерді құлағдар еткен. Ол оқиғаның мән-жайын нақтыламаған екен, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға толық көмек көрсетіледі - Құмар Ақсақалов

Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар орын алған облыстың оңтүстік аудандарындағы атқарылып жатқан шаралардың жай-жапсарымен өзі келіп танысты. Арқалықтағы сапарында қалаға қарасты Северный кентінің Пролетарская көшесіндегі ағын судың алдын алу жұмыстарын көріп, үйлерін су басқан тұрғындардың да ахуалдарына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент • 28 Наурыз, 2024

Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект саласында ықпалдастықты нығайту маңызды

Боао Азия форумының пленарлық сессиясындағы сөйлеген сөзінде Президент көлік-транзит ынтымақтастығы, азық-түлік қауіпсіздігі, технологиялық ынтымақтастық сынды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 27 Наурыз, 2024

Аягөзде суға батқан үш ер адамды іздеу жұмыстары ертең қайта жалғасады

Абай облысына қарасты Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш ер адамды іздеу жұмыстарына облыстық ТЖД, Полиция департаменті, ЖАО, ҚМ күштері мен құралдарынан барлығы 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жергілікті тұрғындардан азаматтар жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 27 Наурыз, 2024

Сенаторлар инновациялық әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның инновациялық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты ашқан комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев еліміздің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша инновацияның маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 27 Наурыз, 2024

Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті. Мемлекеттің «жасыл» инвестицияны тартуды көтермелеу мен ынталандыру және ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдану шеңберінде ҚР-ның Экологиялық кодексін іске асыру – күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 27 Наурыз, 2024

Сенаторлар ЕҰУ ғалымдарының қызметімен танысты

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге дайындық аясында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жұмысымен танысу мақсатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.