Banner
Banner
Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4 материал табылды

Тұлға • 08 Наурыз, 2026

Құрметке бөленген ана: Ләззат Таймырқызының тағылымға толы ғұмыры

8 наурыз – әйел-ананың қадірі мен қоғамдағы рөлін айрықша айшықтайтын мереке. Осындай мерейлі күн қарсаңында ел ісіне белсене араласып, қоғамдық жауапкершілікті нәзік болмысымен үйлестіре білген тұлғалар еске түседі. Солардың бірі – Ләззат Таймырқызы Қожахметова. Оның өмір жолы бір ғана саламен шектелмейді. Журналистика, ұстаздық, қоғамдық қызмет, мемлекеттік басқару, депутаттық міндет, ұлттық деңгейдегі кеңестер мен комиссиялар – мұның бәрі оның тағдырында тоғысқан. Ләззат Таймырқызының еңбек жолына үңілгенде ең алдымен ана жүрегін, азаматтық ұстанымын және қоғам алдындағы жауапкершілігін аңғарасыз. Оның өнегелі өмірі – қазіргі қазақ әйелінің жаңа бейнесін айқындайтын тағылымды үлгі.

Тағзым • 03 Ақпан, 2026

Дүниені күй тілімен әрлеген

Қазақ күй өнерінің шамшырағы, ұлы композитор, халық күйшісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына орай Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Күй анасы – Дина» атты өнер кеші өтті. Филармонияның камералық залы лық толды. Халықтың тағдырын домбыраның қос ішегіне сыйдырған күй анасына деген өзгеше құрметін осыдан-ақ аңғарғандаймыз.

Руханият • 02 Ақпан, 2026

Ұлы күйшінің туғанына – 165 жыл: Астанада «Күй анасы – Дина» атты рухани кеш өтті

Қазақ күй өнерінің шамшырағы, ұлы композитор, халық күйшісі Дина Нұрпейісованың (1861-1955) туғанына биыл – 165 жыл. Осы орайда Астанада Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Күй анасы – Дина» атты рухани кеш өтті. Филармонияның камералық залына күй сүйер қауым лық толды. Халықтың тағдырын домбыраның қос ішегіне сыйдырған күй анасына деген өзгеше құрметті біз осыдан-ақ аңғардық, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Шілде, 2024

Болаттан бұлақ ағызған

20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан металлургтері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бірақ биыл алғаш рет отандық өнеркәсіптің ірі және жетекші салаларының бірі ретіндегі металлургия өнеркәсібінің өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Болат мінезді мамандық иелеріне мемлекет тарапынан дәл осындай ерекше назардың болуы – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еңбек адамы – ел байлығы» деген сөзінің айқын көрінісі.

Яндекс.Метрика