Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2528 материал табылды

Спорт • 22 Желтоқсан, 2023

Оқ ату және стендтік атудан спортшыларымыз ел үмітін ақтады – министр

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спорттық ату федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында оқ ату және стендтік ату өкілдері спортшыларымыздың соңғы ірі халықаралық турнирлердегі жетістіктерін қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023

Бірнеше облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Бұрқасын қар, көктайғаққа байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Осы орайда ҚазАвтоЖол бөлімшелерінің барлығы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылып, 260 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Жастар • 20 Желтоқсан, 2023

Үздік 30 жобаға «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды

Бүгін Астанада бизнес, ғылым, мәдениет, медиа және ақпараттық технологиялар саласындағы үздік 30 жобаның авторына «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Мәжіліс депутаттары, Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 20 Желтоқсан, 2023

Футзал: Бүгін Қазақстан-Румыния матчы өтеді

Бүгін Бухарест қаласында футзалдан әлем чемпионаты элиталық іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы  Румыния құрамасымен ойнайды. Румыния – Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет • 20 Желтоқсан, 2023

Түркияның Анкара қаласында «Ұлы Дала Алтыны» көрмесі таныстырылды

Түркияның Анкара қаласында тарихи Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы Дала Алтыны» атты көрме ашылды. Көрме авторы – белгілі археолог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев. Көрмеге әйгілі Берел, Елеке сазы, Қарақаба археологиялық орындардан табылған жәдігерлер топтамасы қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 20 Желтоқсан, 2023

Еліміздің үш хоккей құрамасы әлемдік элиталы дивизионда ойнайды

Мажарстанның бас шаһары Будапештте шайбалы хоккейден жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды. Жаһандық додада Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын біріншіліктің бас жүлдесін жеңіп алды. Жерлестеріміз бастапқы төрт ойында Мажарстан, Франция, Дания, Жапония құрамаларын тізе бүктірсе, соңғы матчта Аустрия жастарына булиттер сериясында есе жіберді. Жарыс қорытындысында Сергей Старыгин шәкірттері 13 ұпаймен топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 19 Желтоқсан, 2023

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 19 Желтоқсан, 2023

Гимнасттар Париж Олимпиадасына дайындықты бастады

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев гимнастика федерациясының басшылығымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында көркем және спорттық гимнастика өкілдері жылды қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарларын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 19 Желтоқсан, 2023

Шымкент қалалық басқарма басшысының орынбасары жол апатынан қаза тапты

Алматы облысы аумағындағы тасжолда Шымкент қалалық басқармасы басшысының орынбасары жол апатына ұшырап, қаза тапты. Аталған ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растаған, деп хабарлайды Egemen.kz Elitar.kz инстаграм арнасына сілтеме жасап.

Алматы • 19 Желтоқсан, 2023

Sergek жаяу жүргіншілерді елемейтін жүргізушілерді тіркейді

Sergek интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.