Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2530 материал табылды

Бокс • 19 Мамыр, 2024

Elorda Cup: 14 боксшымыз «алтын» иеленді

12 мамырда басталған III Elorda Cup турнирі аяқталды. 6 күнге жалғасқан турнирде 24 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2024

Жарсуат, Құрылыс ауылдары бөгеттеріне Жайық суы келді

Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр. Әйтсе де, Индер ауданындағы аталған қауіпті аумақтарда ахуал тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Спорт • 19 Мамыр, 2024

Нариман Құрбанов Азияның екі дүркін чемпионы атанды

Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандасымыз топ жарды. Гимнастикалық ат снаряды финалында 15.600 ұпай жинаған Нариман Құрбановқа алтын медаль тағылды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2024

Облыс әкімі тасқын қаупі жоғары ауылдардағы жұмыстармен танысты

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов Махамбет ауданындағы Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай, Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексеріп, нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық спорт • 19 Мамыр, 2024

Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды

Павлодарда әйгілі геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы»  республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы басталды. Ашылу салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2024

Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үй және мүлікті бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отыр. Мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр. Қала бойынша су басқан тұрғын үй иелерінен түскен 250 өтінім қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі штабына сілтеме жасап.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2024

«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды

«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 17 Мамыр, 2024

Қазақстан садақшылары Оңтүстік Кореяға аттанады

Садақ атудан Қазақстан командасы олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Артем Кичкин жаттықтыратын команда 18 мамырға дейін дайындықтарын жалғастырып, содан кейін әлем кубогіне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 17 Мамыр, 2024

Қазақстанда ESG күн тәртібін жүйелі қалыптастыру қажет - Мәулен Әшімбаев

Бүгін Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ESG қағидалары теңгерімді орнықты даму идеологиясы саналатынын, соған қарамастан Қазақстанда ESG күн тәртібін үйлестіру әлі күнге дейін орталықтандырылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 17 Мамыр, 2024

Көші-қон саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған - сенатор

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Осы орайда Сенат депутаты Амангелді Толамисов Facebook әлеуметтік желісінде пікір қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.