Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1649 материал табылды

Жәдігер • 13 Мамыр, 2024

Қола айнаның құпиясы

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тұрған құйма айна 1990 жылы Қостанай ауданындағы Надеждин елді мекенінің маңын­дағы көне қорымдардың бірінен табылған.

Жәдігер • 11 Мамыр, 2024

Көнеден жеткен теркеш

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрған кесеқапты 1963 жылы Қостанай қаласының тұрғыны Хәкімбек Қожабеков деген кісі тапсырыпты. Көненің көзіндей болған құнды жәдігер мұражайдың түсім кітабына «дәркез» деген атаумен тіркелген. Хәкімбек қария «101 жас өмір сүрген әжемнен қалған көз еді» деген жазба қалдырыпты. Музей қызметкерлерінің айтуынша, көне жәдігер шамамен ХІХ ғасырдың орта шенінде жасалған.

Тағзым • 10 Мамыр, 2024

Майдангер мерейі

Еуропадан тұтанған Екінші дүниежүзілік соғыс кеңес одағын шарпыған жылдары Қостанай облысынан 73 500 адам майданға аттаныпты. Өңірдің әрбір бесінші азаматы соғысқа кеткен. Оралмағандары, із-түзсіз кеткені қаншама. Ал аман-есен елге қайтып келгендерден көзі тірі 16-ақ соғыс ардагері қалыпты. Солардың бірі – 99 жастағы қарт майдангер, журналист, ақын Қасымхан Алдабергенов.

Халық • 10 Мамыр, 2024

Платонның тұсауын кесті

Бірлік күнін қостанайлық ерлі-зайыптылар Роман Ким мен Александра Куц кішкентайлары Платонның бір жасқа толуы мен тұсаукесер тойын қатар атап өтті.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2024

Тобыл өңірін түлеткен апталық

Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұр­пақ» күндері аясында бірыңғай сенбілік апталығы өтті. Апталық аясында бү­кіл облыс аумағында ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аулаларын, қарттар үй­лерінің айналасын тазарту, тал егіп, ағаш әктеу жұмыстары атқарылды.

Құрылыс • 04 Мамыр, 2024

Ірі кәсіпорындар үй салып береді

Қостанай облысындағы табиғи апат кезінде су кірген мыңға тарта үйдің жартысына жуығы қайта салынады немесе үй иелеріне тегін пәтер беріледі. Қалған үйлер күрделі жөндеуден өтеді. Бұл бағыттағы жауапты міндетті ірі бизнес өкілдері мойнына алып отыр.

Қоғам • 01 Мамыр, 2024

«Жанұяның» жанашыры

Қостанайдағы «Шарқ» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі жиырма жыл бойы отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар үйін қанатының астына алып, ата-ана қамқорлығынан қағылған балғындарға үзбей қолдау көрсетіп келеді. Бірлестіктің жетекшісі Эргашвой Холметовке кәдімгідей бауыр басып қалған «Жанұяның» балалары да ол кісіні көргенде «Ата келді!» деп алдынан жүгіріп шығып жамырай қуанысып қарсы алады.

Аймақтар • 30 Сәуір, 2024

«Возрождения» балалы үйге пәтер сыйлады

Тасқын судың зардабын жою іс-шаралары аясында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету ісіне жекелеген кәсіпкерлердің де атсалысып жатқаны қуантады. Мысалы, Қостанай облысының Қызылжұлдыз аулындағы баспанасы суға кеткен көпбалалы отбасына жергілікті кәсіпкер, «Возрождения» неміс этно-мәдени орталығының басшысы Сергей Блок үш бөлмелі пәтер алып берді.

Қоғам • 30 Сәуір, 2024

Шалғайдағы ауылға жүз тұрғын үй салынады

Су тасқынынан зардап шеккен Арқа­лық, Амангелді, Жангелдин аудан­дары­н­ың тұрғындары үшін жүз шақ­ты үй салынады. Мемлекеттік қол­дау аясында іске асырылатын баспана құры­лысына еліміздегі ірі компания­лар да үлес қосады. Қалалық жерлер­ге қоныс аудару ниеті бар ауыл тұр­ғын­дарына мемлекет қаржысы есебі­нен пәтер алып беру жағы да қарастырылған.

Қоғам • 29 Сәуір, 2024

Ата-әжелер аллеясы

Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан сенбіліктерге мемлекеттік қызметшілер, түрлі кәсіпорын, мекеме жұмыс­шы­ла­ры­мен қатар, қарапайым тұрғындар да белсенді атсалысып жатыр.