Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
199 материал табылды

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2025

Білім ошағы пайдалануға берілді

Өңірде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 бірдей жаңа мектеп бой көтерді. Оның екеуі Білім күні қарсаңында пайдалануға берілді. Аталған жоба аясында салынған білім ордалары бұған дейінгі мектептерге қарағанда едәуір кең. Ауласынан бастап асханасына дейін баланың қауіпсіз жүріп-тұруына, сапалы білім алуына бейімделген. Техникалық жабдықталу деңгейі де бұған дейінгі типтік үлгідегі мектептерден төрт есе жоғары.

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Маңдай тердің өтеуі

Иван Куликов 40 жыл бойы Рудныйдағы кен өндірісінде еңбек етіп келеді. 37 жыл бұрғы ұстап, жер қатпарын үңгіген кенші кейінгі жылдары тереңде жатқан кеніш жолдарының үстін бағанмен тіреп, төбесін ұстап тұратын металл тіреуіш бекітетін бригаданың сапында. Қауіп-қатерге толы талай ауыр сыннан сүрінбей өткен тәжірибелі маман жастарға кен өндірісінің қыр-сырын үйретуден жалыққан емес.

Музей • 30 Тамыз, 2025

Кенепте таңбаланған тарих

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің он шақты туындысы сақталған. Оның ішінде Амангелді бастаған Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан Әбжан Тұрманов, Сейітмағанбет Демесінов, Сыздық Жантілеуовтің портреті бар.

Қоғам • 27 Тамыз, 2025

Он мың балаға көмек

Тамыздың басында өңірде «Мектепке жол» акциясы басталды. Аталған акция алғаш рет 2001 жылы Қостанай қаласында қолға алынғанын да айта кету керек. Сол кездегі бір топ қолы ашық азаматтың ізгі ниетінен туған игі бастама облыстық білім басқармасы тарапынан қолдау тауып, қайырымдылық акциясы біраз жыл өңірлік деңгейде іске асырылып келді.

Жәдігер • 21 Тамыз, 2025

Жәдігерді жаңғыртқан ескерткіш

Қостанайда «Тобыл ойшылы» тас мүсініне ескерткіш орнатылды. Көнеден жеткен құнды жәдігердің үш метрлік алып көшірмесін ақтөбелік мүсінші Жеңіс Жұбанқосов жасап шыққан.

Экономика • 14 Тамыз, 2025

Технологиялық ізденіс терең өңдеуді дамытады

Өңір экономикасының алтын діңгегі – өңдеу өнеркәсібі. Аталған сала­ның үлесі облыс­та шығатын жалпы өнімнің 66%-ын құрайды. Оның жартысынан көбін машина жасау саласы (54%), та­мақ өнеркәсібі (22%), металлур­гия (18%) алады. Ауыл шаруашылығына қолайлы, топырағы құнарлы 10 млн гектардан аса жері бар байтақ өлке бұған дейін жыл сайын 4 млн гектардан астам алқапқа дән егіп келген. Биыл көктемгі егістік көлемі 5 млн 121,9 гектарға жетті.

Абай • 13 Тамыз, 2025

Хакімнің аманаты

Өңірде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар көптеп өтіп жатыр. Соның бірі – Қостанайдағы Жастар сарайында болған «Абай амана­ты» атты әдеби-сазды танымдық кеш.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2025

Мереке қарсаңындағы марапат

Қостанайдағы Жастар сарайында Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов, құрылыс компанияларының өкілдері, жол салушы мамандар, ардагер құрылысшылар, құрылыс колледждерінің ұстаздары мен жас жұмысшылар қатысты.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2025

Жаһандық рекордтар кітабына енді

Амангелді ауданындағы «Торғай тәжі» туристік кешенінде орналасқан «Ұлт жады» қабырғасы «Global Book of Records» кітабына енді. Ені – 35, биіктігі – шамамен 4 метрдей болатын мемориалдық нысанға қазақ қауымына қастерлі 248 тарихи тұлғаның есімі жазылған ескерткіш тақта ілінген. 200 тақтаның астындағы ұяшықта әлемнің 35 елінен арнайы әкелінген ұлы бабаларымыздың сүйек топырағы жатыр.

Экономика • 05 Тамыз, 2025

Агроөнеркәсібі қуатты Қостанай

Дәнді даласымен даңқы шық­қан Меңдіқара өңірінде Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жетістік­тері мен техника қуатын жария еткен халықаралық көрме өтті. «Jańa Dala-Qarqyn 2025» деп аталған ауқымды іс-шараға 20 шақ­ты елден 500-ден астам агро­техника сатушылар, халық­а­ралық бидай саудасы­мен айналысатын ком­паниялар, диірмендер, элева­торлар, логистикалық ком­паниялардың, ғылыми инс­ти­туттардың өкілдері, алыс-жақыннан келген ірі шару­а­шылықтар, фермерлер қа­тысып, өзара сауда-сат­тық, ынтымақтастық жө­нінде келісімшарт жасасты.

Яндекс.Метрика