Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
199 материал табылды

Өндіріс • 01 Тамыз, 2025

КІА зауыты жылына 70 мың автокөлік шығарады

Қостанайдағы КІА зауытының құрылысы таяуда толық аяқталады. Қазірдің өзінде өндіріс құрылғыларының дені орнында, желілер жұмыс істеп тұр. Желіден жаңа шыққан жиырма шақты көлікті шетелдік мамандар зертханада жан-жақты тексеріп, сынақтан өткізеді. Бәрі ойдағыдай болып жатса, КІА қазан айында толық өндірісін бастайды.

Баға • 31 Шілде, 2025

Ақылы жол азық-түлік бағасына әсер ете ме?

Өңірде ақылы жол әлеуметтік маңызы бар тауардың өзіндік құнына қалай ықпал етеді деген мәселені зерттейтін қанатқақты жоба бастау алды. Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, мұндай мониторинг өткізуге бизнес өкілдері тарапынан келіп түсіп жатқан шағымның жиілеп кетуі түрткі болған. Құзырлы орынға биылдың өзінде 15-ке жуық кәсіпорын шағымданыпты.

Тағзым • 31 Шілде, 2025

Ескерткіш тақта орнатылды

Қостанайдағы Сырбай Мәуленов атындағы мектеп-гимназияда көрнекті ақынға арналған мемориалдық тақта орнатылды. Іс-шара барысында ақын, драма­тург Ақылбек Шаяхмет Сырағаңның Қостанайда қызмет еткен кезеңдерінен сыр шертсе, ақынның ұлы, заң ғылымдарының докторы Қасым Сырбайұлы мектеп ұжымына, шәкірттерге табыс тілеп, ризашылық білдірді.

Өндіріс • 29 Шілде, 2025

Жергілікті өнімге сұраныс жоғары

Өңірде өнімін алаулатып-жалаулатып жарнамаламай-ақ, байып­ты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар баршылық. Өйткені мұндай өндіріс орындарынан шығатын өнімге деген сұраныс қашанда жоғары. Мысалы, Қостанай агроме­ханика­лық зауыты топырақ өңдеу, тұқым, астық, шөп тасу жұмыс­тарында жүрген техникаға қажет аспалы және тіркемелі агрегаттар мен олардың ұсақ бөлшектерін шығарады.

Жоба • 26 Шілде, 2025

Көлік-логистика саласындағы іргелі жоба

Қостанайда ірі инфрақұ­ры­лымдық жобаның бірі – «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы басталды. Өңір өнер­кәсі­бінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында қолға алын­ған халықаралық хаб қала аумағында орналасады, сондай-ақ келешекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген тран­зиттік стратегияны жүзеге асырудың негізгі торабына айналмақ.

Қоғам • 25 Шілде, 2025

Белесебет мінген бағбан

Арқалық қаласының тұрғыны Махамбет Иманқұл өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына гүл өсіріп, ала жаздай күтіп, баптап ұстап отыр. Күнара арамшөбін жұлып, суарып тұрады.

Қоғам • 23 Шілде, 2025

Жастар жарысқа шықты

Торғайда Алаш қайраткері Міржақып Дулат­ұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» атты этно-реалити жобасы аясындағы жарыстар өтті.

Аймақтар • 15 Шілде, 2025

Оңалту орталығы ашылады

Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бес өңірінде орналасқан бұрынғы Президент резиденциясы бұдан былай балалардың игілігіне қызмет ету керегін қадап тапсырған еді. Қостанай облысындағы резиденция биыл күзге дейін толық жөндеуден өтіп, жүйке дертіне шалдыққан, қимыл-қозғалысында кінәраты бар балаларды емдеу, өмірге бейімдеу орталығы болып қайта ашылады.

Өшпес даңқ • 04 Шілде, 2025

Трактор тізгіндеген әйелдер

Соғыс жылдары тылдағы тіршіліктің бар ауыртпалығын әйелдер мен жас балалар көтерді. Ер-азаматын, әкесін, ағасын майданға шығарып салған аналар, қыз-келіншектер, шиеттей бала-шаға ауыр еңбекке араласып станокта тұрды, оқ-дәрі шығарды, комбайн-тракторға мініп жер жыртты, егін орып, масақ терді, жер астына түсіп көмір қазды, кен өндірді.

Жәдігер • 12 Маусым, 2025

Міржақып үйіндегі бұйымдар

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулат­ұлына арналған әдеби мұражайда Алаштың алдаспаны Мір­жа­қыпқа қатысты бірталай дүние сақтаулы тұр.

Яндекс.Метрика