Жәдігер • 03 Сәуір, 2025
Өлке музейіне – халық әртісінің мұрасы
Арқалық далалық өлке музейінде Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевтың жеке құжаттары тапсырылды. Осыған орай мұражайда шағын жиын өтіп, ұлттық кино, театр өнерінде өшпес белгі қалдырған дарын иесі туралы естеліктер айтылды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
Өңірде тасқын су қауіп төндіріп тұрған елді мекендерден мал басын алдын ала эвакуациялау жүріп жатыр. Апат айтып келмейді, былтыр көктемде төтеннен келген телегей су талай малды жалмап кеткені белгілі. Өткен күннің ащы сабағы биыл Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті атқарушы билік өкілдерін ертерек қамдануға мәжбүрлеп отыр.
Қоғам • 21 Наурыз, 2025
«Наурыз жұмыскердің» алғашқы пәтері
Жұмысшы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен бірінші болып Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» серіктестігінің инженер-конструкторы Данияр Асанов үйлі болды.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2025
Жақсылықтың жаршысы – жарапазан
Ораза айт кезінде Қостанайдың орталық көшелерінде, театр, музей, сауда орындары сияқты көпшілік орындарда жарапазан айтылып жүр. Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық киім киіп, үкілі домбыра ұстаған кілең әнші жігіттер жарапазанның жан сергітер жағымды әуеніне басқанда ығы-жығы жұрт ысырылып жол беріп, түріліп тұра қалып сүйсіне тыңдайды.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Қостанай облысында төрт түлікті эвакуациялау жүріп жатыр
Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде ауылшаруашылық шығындарының алдын алу және төрт түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау орындарының картасы әзірленді.
Шаруашылық • 19 Наурыз, 2025
Балық шаруашылығының әлеуеті қандай?
Өңірде табиғи суқоймаларын тұрақты табыс көзіне айналдырып отырған жетпіс шақты шаруа қожалығы бар. Көл қорып, ау құрған кәсіпкерлердің дені негізінен сазан, шортан, алабұға, табан өсіреді.
Тарих • 18 Наурыз, 2025
Қазақ мектептерінің тағдыр-талайы
Тың игеру науқаны басталғанға дейін Ресей қазақтары балаларын ұлттық мектепте өз ана тілінде оқытқанын біреу білсе, біреу білмес. Мысалы, 2005 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Орынбор қазақтары: тарих және қазіргі заман» деп аталатын жинақта қазақ мектептерінің тағдыр-талайы туралы аз-мұз дерек кездеседі.
Төтенше жағдай • 18 Наурыз, 2025
Өткен жылы Тобыл өңіріндегі Қарасу, Қостанай аудандарында жарияланған төтенше жағдай режімі күшін әлі жойған жоқ. Облыстық ТЖД мәліметінше, биыл көктемде тағы 57 елді мекенге тасқын судан қауіп бар.
Байқау • 12 Наурыз, 2025
Көп ішекті көне аспапты кеңірек насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараны өңірде бірінші болып Федоров ауданы қолға алып отыр. Байқауға 10 ауданның жетігеншілері қатысып, бесеуі жүлделі орынға ие болды.
Қоғам • 08 Наурыз, 2025
Қостанай қаласының ең жасы үлкен тұрғыны Кәрима Әкімжанова биыл 102 жасқа аяқ басты. Әжей бүгінде құрсағынан тараған тоғыз баласынан 19 немере, 25 шөбере сүйіп отыр.