Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Бүгін – 29 ақпан. Төрт жылда бір келеді. Бұл жыл – 366 күнге созылып, «кібісе» деп аталады. Біз аса мән бермеуіміз мүмкін. Бірақ дәп осы күні дүние есігін ашқан жандар «нағыз» туған күнін тағатсыздана күтеді. Бүгін – қарағандылық озат оқушы, өнерлі өрен Айару Жандосқызының да туған күні.
Медицина • 28 Ақпан, 2024
Облыс әкімдігі мен Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Астанадан арнайы келген білікті мамандар үш күн бойы жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізеді. Бұған қоса қарағандылық дәрігерлермен бірге 20 шақты жоғары технологиялық операция жасауды жоспарлап отыр.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Вилен Борисович Молотов-Лучанский. Бұл есім елге ертеден белгілі. ІІ дәрежелі «Достық» орденінің кавалері. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Кейіпкеріміз ел мен жерді кие көреді. Қазаққа деген құрметі жыл өткен сайын артпаса, еш кеміген емес.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды
Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студенттері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.
Сайлау • 27 Ақпан, 2024
Президент өткен жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында аймақтарға қатысты саясатта маңызды реформалар жүргізілетінін айтқан болатын. Бұл іс өңірлерде біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – әкім сайлауы.
Экономика • 27 Ақпан, 2024
Көп күткен күре жол құрылысы аяқталады
«Қарағанды – Балқаш – Алматы» тасжолының құрылысы түрлі себепке байланысты сағызша созылды. Жылда айтылатын уәде – «биыл бітіреміз». Ендігі уәде жауаптылардың кәдесіне жарамайын деп тұр. Маңызды күре жолдың аяқталу мерзімі – Мемлекет басшысының назарындағы мәселе. Жақында ғана Қарағандыға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Олжас Бектенов барлық жұмысты жыл соңына дейін толық аяқтау қажеттігін қадап айтып, өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
Биылғы қыс жылқыға жайсыз болып тұр. Онымен қоса, мал ауруы да ауылдағы ағайынның мазасын қашырған. Әнеугүні Бұқар жырау ауданындағы Төрткөл аулындағы жылқылардың аяғы іріңдеп, жарасы денесіне жаппай тарап, қырылған еді. Ветинспекция мамандары бірнеше қайтара сынама алған соң барып, аурудың лимфангит екенін анықтады.
Халық • 26 Ақпан, 2024
Жақсылық жасап, жаныңа шуақ шашу үшін аса бір жағдайдың қажеті жоқ. Мұны мына бір ізгілікті іске сүйсінгендіктен айтып отырмыз. Туғанынан сал ауруына шалдығып, арбаға таңылған Дос Төлегенов Нұра ауданындағы қарттар үйіне екі теледидар тарту етіпті.
Оқиға • 24 Ақпан, 2024
Қарқаралыда өрттен төрт бала қаза тапты
Кеше кешкілік Қарқаралы ауданы Талды ауылындағы жеке үй өртке оранған. Өкінішке қарай, төрт кішкентай бала қаза тапты.
Жастар • 23 Ақпан, 2024
NEET санатындағы жастарға грант беру «Zhas Project» шағын гранттар конкурсы арқылы жүзеге асады. Өтінімдерді қабылдау 25 наурыздан басталады. Биыл аймақтағы әлеуметтік жобаларды қолдауға 14 грант бөлінеді.