Медицина • 28 Қаңтар, 2026
Кейінгі жылдары мұнайлы өңірдің медицинасында оң өзгеріс байқалып отыр. Атырау қаласында екі емхана мен екі дәрігерлік амбулатория, жедел жәрдем стансасы мен радиологиялық корпус салынып жатыр.
Өнер • 24 Қаңтар, 2026
Мұнайлы Атырауда 60 жыл бұрын облыстық филармония ашылған. Кейін өнер ұжымына әйгілі актер әрі режиссер Нұрмұхан Жантөриннің есімі берілді.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Атырау қаласында екі «Келешек мектебі» оқушыларды қабылдай бастады. Білім ордасының бірі – «Жұлдыз-3» шағын ауданында, ал екіншісі Ақсай-2 ауылында орналасқан.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Мұнайлы өңірде сәби сүйгісі келетіндер аз емес. Мәселен, 2021–2025 жылдар аралығында «Аңсаған сәби» бағдарламасына жүгінген 467 әйел сәбиін өмірге әкелді.
Спорт • 21 Қаңтар, 2026
Волейболшы қыздардың жетістігі
Атырау облысында спортқа бейім оқушылар көп. Солардың қатарында 2011–2012 жылғы жасөспірім қыздардан құралған волейбол командасы да бар. Жас ойыншыларды жаттықтырушы Анастасия Щербакова баптап жүр.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Логистикалық орталық көкөніске толады
Атыраудағы маңызды инвестициялық жобаның бірі – көкөніс өнімдерін сақтайтын ірі логистикалық орталық. Бұл заманауи агрологистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жоба ретінде ерекшеленіп отыр.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылының тұрғындары арасында суық суға түсетіндер бар. Бұрын бұл істі Жарылқасын Байжанов бастаған еді. Енді оның жолын Ерасыл Қайырбай жалғастырып келеді.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Еліміздің мұнай-газ саласындағы ең ірі оператордың бірі – «Теңізшевройл» ЖШС. Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнын игеріп жатқан компания өндіріске техникалық, цифрлық инновациялық шешімдерді кеңінен қолданып, энергетика саласындағы ілгерілеуге ықпал етіп отыр.
Өнер • 10 Қаңтар, 2026
Құс қанаты аталатын алыстағы Нью-Йорк төрінде әйгілі «Carnegie Hall» кешені бар. Дәл осы кешендегі «Weill Recital Hall» сахнасында елімізден скрипкашы, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева ғана өнер көрсеткен екен.
Руханият • 09 Қаңтар, 2026
Ұшқан ескерткіші кешенді зерттеле ме?
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» ұлттық жобасына енген тарихи мекендер қатарында Ұшқан ата қорымы да бар. Жергілікті тарихшылардың пікірінше, Жылыой ауданындағы бұл қорымда 8 сағанатам, 94 құлпытас, 3 қойтас пен бір сандықтас анықталыпты. Эпиграфикалық зерттеуге сәйкес құлпытастар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңіне тән екені анықталыпты. Құлпытастарды тас қашайтын ағайынды шеберлер Елеусін мен Елбосын Егісінұлы жасаған.