Аймақтар • Бүгін, 08:03

Қауіп қайдан демеңіз...

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы көктемде Жайық пен Жем өзеніне мол су келе ме? Бастауын Ресей мен Ақтөбе өңірінен алатын су арналары ернеуінен аса ма? Әзірге бұл сауалға болжам жасалған жоқ. Дегенмен, мұнайлы өңірде су тасқынына қарсы дайындық жүріп жатыр.

Қауіп қайдан демеңіз...

Сурет: inbusiness.kz/

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың дерегіне қарағанда, Жайық өзенінің жағалауында 17 елді мекен орналасқан. Бұрнағы жылы Жайық өзеніндегі тасқын су 11 ауылға қауіп төндірген еді. Оның ішінде Махамбет, Жалғансай, Бейбарыс, Сарайшық, Талдыкөл секілді ауылдар бар. Содан бері су арнасынан төнетін қауіпті сейілтуге 7 ауылда қорғаныс бөгетін салу жоспарланыпты. Мәселен, Махамбет ауылында 4,5 шақырымдық жағалауды бекіту жұмысының 90%-ы аяқталыпты. Өзен жағалауында жаяу жүргіншілер жолы салынып, көше шамы орнатылып жатыр. Бұл жұмысты шілдеге дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

– Талдыкөл ауылындағы 1,7 rм бөгетті нығайту жұмысы басталды. Дәл осындай жұмыс Бейбарыс ауылында да қолға алынады. Бұған қосымша Сарайшық, Есбол, Сарытоғай ауылдарының маңында су арнасының жағалауын бекіту жұмысы жүргізіледі, – дейді Қ.Нұрлыбаев.

Алға ауылындағы жағалауды нығайту жұмысы созылып келеді. Бес жыл бұрын 3,2 км жағалауды бекіту жұмысы қолға алынғанымен, әлі аяқталмапты. Бастапқыда аталған жұмысқа 4,9 млрд теңге қаралыпты. Алайда қазір жоба құны 7,1 млрд теңгені құрап отыр.

– Жобаға өзгеріс енгізу жұмысы бір жылға жуық мерзімге созылды. Бұған Жайық өзеніне су келген кезде құрылыс координаты өзгеретіні себеп болды. Енді жобаға өзгеріс енгізілмейді. Жағалаудың су астындағы бөлігіндегі жұмыстың көбі орындалды. Мердігер жұмыстың қалған бөлігін су келгенге дейін бітірсе, плита салу сынды жұмыстарға кіріседі, – дейді аудан әкімі.

Жылыой ауданында су тасқыны Жем өзені арнасынан асқан кезде қауіп төнеді. Су арнасының жалпы ұзындығы – 212 км. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуынша, Тұрғызба, Шоқпартоғай ауылы мен Құлсары қаласы су басу қаупі бар аумаққа кіреді. Осыған байланысты қауіптің алдын алу қамы жасалып жатыр. Жем өзені мен Құрсай өзегінің түбін тереңдету, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Жобаға сәйкес бұл жұмыс ауқымы 95,3 шақырымға созылады.

– Жалпы ұзындығы 68,6 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгетін нығайту жұмысын атқару жоспарланған. Қазірде жұмыстың 79%-ы аяқталды. Бұған қоса Бақашы, Қарағай елді мекендерінің маңында гидротехникалық құрылыс нысаны салынып жатыр. 2024 жылы басталған жұмысқа бүгінде 266 арнайы техника мен 300 адам тартылып отыр. Жұмысшылар екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр, – деді Г.Айшуақова.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55