Су тасқыны • 07 Мамыр, 2024
Жайық деңгейі қауіпті шектен асты
«Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының гидрологиялық мониторинг дерегіне сүйенсек, Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Жексенбіде Индер және Махамбет ауданында қауіпті шектен асып кетті.
Су тасқыны • 03 Мамыр, 2024
Жайық жағалауына жұмылған жұрт
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі әлі тоқтаған жоқ. Өзен арнасы көршілес Батыс Қазақстан облысының аумағынан келетін сумен толығып жатыр.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2024
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласын тасқын су басқалы бір айға жуықтады. Жем өзені арнасынан асып, табиғи сипаттағы апаттан 2 920 үйді, 200-ге жуық кәсіпкерлік, 15 әкімшілік, әлеуметтік нысан бүлінді. Тұрғындардың иелігіндегі 300-ден аса мал суға кетті. Ең өкініштісі, төрт адам қайтыс болды.
Экология • 29 Наурыз, 2024
Күкіртті сутегі шектен тыс көбейген
Атыраудың ауасы тағы да бүлінді. Жағымсыз иіс қолқаны қабып, тынысты тарылтып тұр. Экологтер атмосфералық ауада күкіртті сутегінің мөлшері шекті шоғырланудан бірнеше есеге асқанын айтып отыр. Бір жұтым ауаның жұпар болмағанына қынжылған тұрғындар «Ұйқыдан оянбай қаламыз ба?» деп алаңдайды.
Құрылтай • 15 Наурыз, 2024
Елдік бастамалардың бірегей алаңы
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын», деген еді. Бүгін Атырауда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтеді. Ал кеше құрылтай қарсаңында ұйымдастырылған пленарлық басқосуда ұлттық құндылықтар мен білім мәселесі, отбасындағы тәрбиеге баса мән берілді.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2024
Бұрын бұл өңірде тұрғындар саны аз еді. Қазір 703 мың 180 адамға жетті. Халқымыз алтын бесікке балаған ауылда 33 мың 511 халық тұрады. Ал 389 669 тұрғын қаланы мекен еткен.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыссыздықты азайту – мемлекет үшін аса маңызды. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әр деңгейдегі әкімдіктерге арнайы міндет жүктелген. Бұл мәселеге жұмыс берушілер де атсалысуы қажет. Мәселен, Атырау облысында әлем елдерінің назары ауған халықаралық жоба жетерлік.
Білім • 20 Ақпан, 2024
Ата-ана үшін баланың, мұғалім үшін оқушының бәрі бірдей. Кейбірі ауыл мұғалімдерінің дәрісін тыңдайды. Өзгелері үлкен шаһардағы мекептерде білім алады. Дегенмен оқушының бәрі де сапалы білім алуға, инновациялық жобаларды іске асыруға жол ашатын түрлі үйірмеге қатысуға, робот құрастыруға ниетті екені даусыз.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Атырау облысындағы жол сапасы жиі сынға ұшырайды. Ал жолды жөндеу жұмысы өте баяу жүргізіледі. Мәселен, мұнайлы шаһардан Ресейдің Астрахан облысымен шекараға дейін қатынайтын жолды жаңғырту әлі толық аяқталған жоқ. Жаңғырту жұмысы қолға алынғалы бес жылдан асты.
Медицина • 08 Ақпан, 2024
Атырау облыстық балалар ауруханасына ең қымбат құрылғы сатып алынды. Жаңа құрылғының құны – 100 млн теңге.