Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1113 материал табылды

Қоғам • 02 Сәуір, 2024

Иппотерапия – ат үстінде қонған ем

Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде 1 сәуірден бастап иппотерапиямен емдеуге кезек алу онлайн платформада жүзеге асырыла бастады. Бұдан былай ата-аналар балаларын иппотерапия еміне әкелуде уақытын үнемдеп, цифрландыру бағдарламасының игілігін көрмек.

Спорт • 01 Сәуір, 2024

Дамир Бекбосынов: Негізгі межеміз – Қазақ күресін жазғы азия ойындарына енгізу

Қыркүйек айында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары түңлігін түреді. Төрт тарапты дүбірге бөлейтін айтулы додада ұлттық спорт түрлері ұлықталады. Бүкіл әлем көз тігетін аламанда балуандарымыз қазақ күресінен бауырын жаза белдесетіні сөзсіз. Қазақ күресінен әлем чемпионатының, әлем кубогінің, Азия құрлығының додасын ұтқан атан жілік, апайтөс балуандар үшін Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының алтын медалін олжалау – айрықша мәртебе. «Qazaq kuresi» ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосыновпен сұхбатымыз көшпелілер ойындарына әзірлік барысы, төл күресіміздің келешегі төңірегінде өрбіді.

Туризм • 27 Наурыз, 2024

Шымбұлақты туризм ширатады

Алматының ғана емес, Қазақстанның жау­һарына баланатын «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының ашылғанына – биыл 70 жыл. Жеті белес бедерінде талайдың табаны тиген Тәңіртаудың жотасында дүниенің төрт тарабынан жеткен журналист шаңғышылар да келіп сырғанады. Өз еліне олар Қазақстанның «Шымбұлағы» туралы көп сырды, керемет әсерді арқалай аттанғаны анық.

Өнер • 22 Наурыз, 2024

Әлемнің қолөнер шеберлері Астанада

Наурыз мерекесіне орай Астанадағы ЭКСПО халық­ара­лық көрме орталығында жәрмеңке өтіп жатыр. 21-23 нау­рыз аралығында елорда тұрғындары мен қонақ­тарына есі­гін айқара ашатын «Наурыз базары» ха­лықаралық жәр­меңкесінде жергілікті қолөнер шебер­лері мен іс­мер­лер. Түркия, Иран, Әзербайжан, Тәжікстан, Өз­бек­стан, Қыр­ғызстан, Түрікменстан, Ресейдің Баш­құрт­стан, Татарста­нынан келген шеберлер де өз бұйымдарын ұсынады.

Дәстүр • 22 Наурыз, 2024

Дүниеге естіледі дүбірі

Биыл қоңыр күзде Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. 20 спорт түрінен 110 медаль жиынтығы үшін додаға кіретін спортшылар апта бойы елорданы дүбірге бөлейді. 10 жыл бұрын Қырғызстан елі бас болып ұйымдастырған алғашқы аламан 10 ұлттық ойын түрінен ғана ұйымдастырылса, екі жылдан кейін өткен дала додасына 26 спорт түрінен 62 елдің спортшылары қатысты. 2022 жылы Түркияның Изник қаласы сән-салтанатын асыра өткізген Дүниежүзілік көшпелілер ойын­дарына 102 елден 3 мыңнан аса спортшы қатысып, 13 спорт түрінен медальдар жиынтығын бөлісті. Жылдан-жылға жаңарып, түлеп, түрленіп келе жатқан көшпелілер ойындары бүгінде қай құрлыққа да мәшһүр. Биыл біздің елде болатын Ұлы дала додасына ынта танытқан елдердің қатары 100-ден әлдеқашан асып кетті.

Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024

АҚШ ковбойын арбаған көкпар

Наурызнаманың Ұлттық спорт күніне орай еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара көпшілікке ұсынылды. Астана қаласындағы «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешенінде Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, елорда әкімдігінің қолдауымен ұлттық ойын түрлері – көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу және тоғызқұмалақ пен асық атудан арнайы сайыс өтті.

Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024

Елдікті танытатын өнер

Бүгін – ұлттық спорт күні. Былтыр ұлттық спорт түр­лерінен саңлақтар 12 халық­аралық сайысқа қатысып, 95 медаль иеленді, оның ішінде 35-і – алтын жүлде. Ұлттық спорт түрлерін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп, саланы өрістететін кадрлар даярлаудың бағдарламасы да бекітілді. Ұлттық спорт түрлерінен мектеп ашу ісі де қолға алынды.

Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024

«Ұлы дала жорығының» рухани мәні зор

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының аясында Ұлттық спорт қауым­дастығының мүшесі – «Joryq» ат спорты федерациясының мұрындық болуы­мен елеулі іс-шара өтеді. Ол – биыл үшінші рет ұйымдастырылатын «Ұлы дала жорығы» республикалық марафоны. Ұлттық спорт күні қарсаңында осы жо­баның авторы Бақытжан ТҰРЛЫБЕКОВПЕН арнайы кездесіп, рес­пуб­ликалық іріктеу жарысына дайындық барысы туралы әңгімелескен едік.

Туризм • 14 Наурыз, 2024

Этнотуризм өріс алмай тұр

Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға әлеуеті зор облыстардың бірі. Осы саланы өрістетуге қолайлы ондыққа кіретін өңірде этнотуризмнің де салмағы басым. Тасын түртсең, тарихты ақтаратын далалық мешіттерді көруге ынтық туристердің шоғыры да қалың. Бірақ жақынды алыс ететін жол азабы сынды инфрақұрылымның ақсауы өңірдің этнотуризмнен түсетін табысын жұқартып тұр.

Басылым • 13 Наурыз, 2024

Оқырман қолында – «Ой салар оқиғалар»

Журналист Ағабек Қонарбайұлының «Шынайы өмірде болған ой салар оқиғалар» кітабы жарық көрді. Республикалық «Айқын», «Дала мен қала», «Жас қазақ» газеттерінде мақалалары жария­ла­нып, көзіқарақты көпшілікке қауымға есім-сойы кеңінен таныл­ған Ағабектің бұл – екінші кітабы. Бұған дейін «Машақат пен марапат» кітабы да көпшіліктің ыстық ықыласына кенелген еді.