Өндіріс • 07 Қаңтар, 2025
Өрлеу жолы: ішкі өнімнің өсімі
Әлем экономикасы тұрақсыздық құрсауынан шығып, жаңа белестерді бағындыруға талпыныс жасап-ақ жатыр. Құбылмалы жағдай бізді де айналып өтпейді. Стратегиялық биіктерді бағындыру үшін жыл сайынғы өсім 6-7% деңгейінде болуы шарт. Дегенмен геосаяси текетірес, пандемияның экономикалық зардабы мен инфляция салмағы өсімді шынайы серпіліске айналдыруға кедергі келтіріп отыр. Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту әрі құрылымдық реформаларды тереңдету арқылы тұйықтан шығар жол ұсынды.
Сараптама • 01 Қаңтар, 2025
Құндылығы қым-қиғаш, үміт пен үрей арпалысқан уақытта өмір сүріп жатқанымызбен, босағамыздан аттаған жаңа жылдан тек жақсылық күтетініміз анық. Атақты «The Black Swan» кітабының авторы Нассым Талеб «Жүйе кез келген қателікті қайта-қайта жасайтын болса, құрдымға кетеді» дейді. Осы ойдың орамында «Біз өткен жылдан қандай сабақ алдық?» деген сұрақ туады. Былтыр экономикамыз біраз сынақты өткерді. Мүмкіндігі де, тәуекелі де көп болды. «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын» деген игі тілекпен, алдағы жылға артқан үміт пен түзген жоспарымызды саралап алсақ.
Банк • 28 Желтоқсан, 2024
Биыл екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) қазынаға 700 млрд теңге салық құйған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің аудиторлық деректерінде айтылады.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Ұлттық банк 1996–2013 жылдар аралығында шығарылған қолма-қол долларға қатысты азаматтардан түсетін шағымдардың жиілеп кеткені туралы мәлімдеді. Оған себеп айырбастау бекеттерінің айырбастаудан бас тартуы екен. Ел аумағында шетел валютасы операцияларына қатысты қандай тәртіп бар?
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2024
Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы 2 жылда зейнетақы мөлшері 1,7 есе өсуі керек. Сол себепті, мемлекет жаңа жылдан бастап төлемдерді қайта қарастырып, индексация жүргізуді жоспарлап отыр. Келер жылы зейнетақы мөлшері 8,5%-ға өспек.
Қаржы • 24 Желтоқсан, 2024
«Пошташы» жобасы баспаналы болуға бастайды
Жыл басында «Отбасы банк» АҚ мен «Қазпошта» АҚ бірлескен ортақ жобаны қолға алған еді. «Пошташы» деп аталатын бұл жоба ауылдағы ағайынға аудан немесе облыс орталығына бармай-ақ, жергілікті пошта қызметкерлерінің көмегімен депозит ашуға көмектеседі. Бүгінде аталған бастаманың игілігін көріп отырған адамдар аз емес.
Еңбек • 24 Желтоқсан, 2024
Еңбек үдерісіне – ерекше қамқорлық
Атырау облысында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымына қарасты «Аман» мұнай айдау стансасында III (үшінші) іске қосу кешені пайдалануға берілді.
Пайдалы қазбалар • 20 Желтоқсан, 2024
«Fitch Ratings» мәліметіне сүйенсек, келер жылы мұнайға сұраныс айтарлықтай баяулайды. Демек өнім қарқыны 2023–2024 жылдарға қарағанда біршама төмендейді. Бұған жаһандық энергетикалық стратегиялардағы өзгерістер себеп.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2024
Биылғы 11 ай ішінде мемлекеттік бюджет кірісі 2 трлн теңгеге азайып, Үкіметтің межелі жоспары орындалмады. Ел қазынасына 3,5 трлн теңге салық түспей қалды. Кейінгі жылдары жоспар орындалмай, тапшылықтың туындауы қалыпты әдетке айналып келеді. Себебі неде?
Қаржы • 18 Желтоқсан, 2024
Зейнетақы жинағының шегі өзгермейді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) келесі жылға арналған жинақты пайдаланудың жеткілікті шегін жариялады. 2025 жылы зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі (ТЖШ) өзгермей, биылғы деңгейде өзгеріссіз қалатын болды.