
Қаржы • 17 Қазан, 2024
Жеке тұлға банкроттығы: мәселенің мәнісі
Ежелгі Рим империясында қарызға батқан адамдар өзін немесе отбасы мүшелерін кредитордың құзырына өткізуге мәжбүр болған деседі. Қарыз алушының өмірін толықтай бақылауға мүмкіндік беретін жүйе «Нексум» деп аталған. Мойнындағы борыштан құтылмаса, ғұмырының соңына дейін тәуелді болып қала береді. IV ғасырда жойылған осынау жүйе басқаша кейіпке еніп, қазіргі кезде де жалғасып жатқан секілді...
Энергетика • 10 Қазан, 2024
Көпшілік АЭС-тің пайдасы мен тәуекелін түсінді
Отандық атом энергетикасы жүйесін қалыптастырудағы маңызды әрі әдепкі белес саналған референдум өтіп, алдын ала сауалнама қорытындысында ел халқының басым бөлігі елде атом энергия стансасын салуды жақтап дауыс берді. Көпшілік атом энергиясының маңызын түсініп, сеніп отырған сыңайлы. Алаң да жоқ емес. Алайда Мемлекет басшысының АЭС құрылысында «ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет» деген сөзі біраз күдікті сейілтсе керек.
Digital • 08 Қазан, 2024
Цифрлық қауіпсіздікке жауапты «Check point» агенттігінің зерттеуінше, кейінгі жылдары жасанды интеллект арқылы алаяқтық жасайтындар көбейген. 2021 жылдан бастап жыл сайын 27%-ға өсіп отырған. Бұл үрейлі үдеріс еліміздің де табалдырығын аттады. Жыл басынан бері елде 10 мыңға жуық кибералаяқтық оқиғасы тіркелген.
Қаржы • 04 Қазан, 2024
«Open banking» нарықты қалай өзгертеді?
Еліміз қаржы секторын жаңа деңгейге шығаруға қатысты нақты әрекеттер жасап жатыр. Соның бірегейі – «Open banking» жүйесі. Бұл банктік қызмет пен инновациялық шешімдерді бір арнаға тоғыстырады. Басты ерекшелігі – бір банктің мобильді қосымшасына кіріп, басқа банктердегі шоттарды басқаруға, операцияларды жүзеге асыруға болады. Жаңа бастама қаржы нарығын қалай өзгертпек?
Технология • 03 Қазан, 2024
ЖИ: АЭС көп саланың өркендеуіне ықпал етеді
Еліміз атом энергетикасын қолдануға қатысты тағдыршешті табалдырықта тұр. Аса маңызды тақырыптан жасанды интеллекті де тәп-тәуір хабардар, әрине. Сондықтан АЭС-тің біз білмейтін қыры туралы «OpenAI» компаниясы жасаған нейрожүйе – «ChatGPT»-мен әңгімелесіп көрдік.
Қаржы • 27 Қыркүйек, 2024
Екінші деңгейдегі банктердің корпоративтік секторға деген ықыласы көңіл көншітпейтінін жиі айтып жүрміз. Банктер жыл басынан бері 1 трлн 38 млрд теңге табыс тапса да, ішкі жалпы өнімдегі қаржыландыру үлесі – айтарлықтай көп емес. Кейінгі кездері сынға түскен бұл мәселені Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірігіп, бірқалыпқа түсіруге тырыспақ. Жыл соңына дейін ел ішіндегі тұтынушылық несиелендіруді азайтамыз дейді.
Қаржы • 27 Қыркүйек, 2024
Цифрлы әлемнің есігін қағып тұрмыз
Неміс экономисі Вернер Зомбарт «Экономиканың басты қағидасы – алысқа қарау» дейді. Уақыт сынынан өткен бұл пікірге ешкімнің шүбәсі жоқ. Егер дәл қазір алысқа қарар болсақ, цифрлық трансформация төрімізден орын алуы қажет. Оның ішінде қаржы саласының цифрлық экожүйесін құру маңызды. Сөзімді қуаттай түсу үшін «KPMG» жүргізген зерттеуді мысалға алайын. Сатылымы 1 млрд доллардан асатын компаниялардың 59%-ы қаржылық үдеріске жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданған. Ал «Cofinpro AG» жүргізген зерттеуден бәсі биік банктердің 52%-ы машиналық оқыту әдісін енгізгенін көреміз. Осы тұста оқып отырған сізді, жазып отырған мені де мазалайтын екі сұрақ бар: Жаһанды жаулаған осы үдеріске біз үлгердік пе? Банктеріміздің бабы келісті ме?
Экономика • 25 Қыркүйек, 2024
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) мәліметінше, біздің мемлекет экономиканың 30 негізгі секторының 20-сына араласады. Компаниялардың 10%-ы, ал барлық ірі компанияның 50%-ы – мемлекет бақылауында. Жалпылама қарағанда, бұл көрсеткіш – «өсім мемлекеттік сектор мен компанияларға тиесілі болмауға тиіс» деген ұстанымымызға қарсы. Дүниежүзілік банктің эмпирикалық зерттеулері де үрейлі үрдістің жақсылыққа апармайтынын айтып жүр. Осы мәселеге «Экономикалық релятивизм» тұжырымдамасымен қарап көрелік. Философияда бұл ұғым «Ақиқат жалғыз, шындық екеу, шешім көп» деп түсіндірілсе, экономика «Ақиқат та, шындық та жалғыз, шешім белгісіз» деп түсіндіреді.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024
Қазір жылу электр стансаларынан ауаға жылына 14 млн тоннадан аса зиянды қалдық шығады. Ал сарапшылар атом энергетикасы дәстүрлі көмір генерациясымен салыстырғанда, көміртегі қалдықтарын айтарлықтай азайтады деп жар салып жүр. Әлемдік зерттеулер мен тәжірибелерге қарасақ, атом электр стансасы (АЭС) кемі 60 жыл жұмыс істейді. Толық тексерістен өткізгеннен кейін тағы 20 жылға созуға болады. Демек, еліміздің көміртегі бейтараптығына жетуіне АЭС қажет. Бірақ әуелі экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік мәселесін май шаммен қараған абзал. Оған әлеуметтік, экономикалық әсерін қосыңыз. Халық көкейінде жүрген бұл түйткілдер шешілмейінше, АЭС-тің маңызы да артпайды.
Қаржы • 18 Қыркүйек, 2024
Халықтың қаржылық мүмкіндігі қалай құбылды?
Былтыр халықтың нақты табысы 2022 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өскен. Дегенмен үй шаруашылықтарының («бір отбасы» деп те түсінуге болады – ред.) шығыны да өскен. Табыс құрылымында айтарлықтай өзгеріс байқалмаған. Жалдамалы жұмыстан түскен кірістердің үлесі өзгеріссіз қалып, шамамен 65% деңгейде сақталған. Кірістер құрылымындағы әлеуметтік трансферт үлесі төмендеп, жыл соңына қарай 21%-ды құраған. Бұл динамика пандемия жағдайында табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсету шеңберінде жәрдемақы төлеу көлемінің және басқа да қолдау шараларының азаюына байланысты болуы мүмкін.