Президент • 12 Қазан, 2025
Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Экология • 11 Қазан, 2025
Ақмолалықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты
Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні аумақтарды тазалауға 30 мыңнан астам адам шықты, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 11 Қазан, 2025
Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Мәдениет • 11 Қазан, 2025
Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі ашылды
Мәскеудің Третьяков галереясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі әзірлеген «Қазақстан өнерінің жауһарлары» атты көрме ашылды. Іс-шара Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 11 Қазан, 2025
Бүкілреспубликалық «Таза Қазақстан» акциясы 600 мыңнан астам адамды біріктірді
Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қазан, 2025
Президент «Нұра» ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді
Аумағы 3,8 гектар болатын нысандағы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталған. Мұнда жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар, сәулеттік қалыптар және жасанды тоғандар бар, деп жазды Ақорда.
«Таза Қазақстан» • 11 Қазан, 2025
Елімізде жалпы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Аталмыш шара ел аумағын тазартуға және өңірлерді көгалдандыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Білім • 11 Қазан, 2025
Президент кеңесшісі жасанды интеллект туралы дәріс оқыды
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің белсенді студенттерімен кездесті. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді түсіндіру және ондағы айтылған айқын бағдарларды насихаттау. Жылы жүздесу барысында емен-жарқын әңгіме болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.