Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
222 материал табылды

Банк • 11 Қаңтар, 2025

Банктерге қойылатын талап қалай өзгермек?

Отыз жыл бойы мұрты бұзылмаған банк туралы заң биыл жаңарып, толығып, қайта қабылданады. Қолданыстағы заң 14 тараудан, 137 баптан тұрады. Соңғы 5 жылда аз-кем өзгеріс енгізілгенімен жалпы қаржы нарығының талаптарына жауап беру тұрғысынан жарамсыз еді. Ең қарапайымы – ескі заңда тіпті интернет туралы да ұғым жоқ. Ал әдепкі жиырма жылды былай қойғанда, соңғы он жылдың өзінде банк секторы түбегейлі өзгерістерді бастан кешті емес пе?!

Экономика • 10 Қаңтар, 2025

Транскаспий тынысы мен түйткілі

Былтыр желтоқсанда елімізге Гвинея-Бисау президенті Умару Сисо­ку Эмбало келді. Бұл ел өзі бізбен ауылы аралас, қойы қоралас болатын­дай жақын жерде де орналаспаған. Бірақ кейінгі жылдары мәні мен маңызы арта түскен Транскаспий көлік дәлізі қос елдің мүддесін бір арнада тоғыстыратын секілді. Орта дәліз деп те аталатын бұл ба­ғыт Бисаудың ғана емес, көп елдің көңілінен шы­ғып отыр. Оның біз­дің аумақ арқылы жа­һан жұртына тарап жатқаны да үлкен артықшылық дейді мамандар. Соңғы 4 жылда Транскаспий дәлізі арқылы жүргізілген жүк тасымалының көлемі 5,1 есе ұлғайған. Дәл қа­зір жылына 6 млн тонна жүк өткізуге қабілетті.

Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024

Әсет Тұрысов: Цифрлы жобаларды енгізу қаржы жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады

Уақыт жылжыған сайын жоғары технологиялар да қарқынды дамып, өміріміз анағұрлым жеңілдей түсті. Күнделікті дүкендегі сауда-саттық пен такси қызметі үшін мобильді қосымшалар арқылы ақы төлейтініміз рас. Бұл бір ғана мысал. Ауқымды деңгейде бағамдасақ, цифрландырудың игілігі бұдан да көп. Әсіресе оның мемлекеттік қаржы саласын басқарудағы пайдасы орасан. Осы туралы және саладағы басқа да жаңашылдықтар жөнінде Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан сұрап білген едік.

Шаруашылық • 25 Желтоқсан, 2024

Шаруаларды қолдау жалғасады

«Аграрлық несие корпорациясы» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында «Кең дала 2» бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны белгілі. 2024 жылдың 24 желтоқсанындағы жағдай бойынша корпорация 1 098 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден шамамен 135,8 млрд теңгенің өтінімін қабылдап, 378 фермерге 39,047 млрд қаржы берілген.

Қылмыс • 11 Желтоқсан, 2024

Қаржы пирамидалары 20 млрд теңге шығынға батырды

Жыл басынан бері Қар­жылық мониторинг агенттігі (ҚМА) 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фак­­тілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді. Бүгінде 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелген.

Қаржы • 15 Қараша, 2024

Ақшаның көптігі дәулеттің өлшемі емес

Ақша – ең негізгі және тұрақты құндылық емес, алайда бүкіл құндылықты өлшеудің одан өзге ерекше құралы да жоқ. Ақша көп болса бар мәселе шешілетіндей көрінеді. Алайда нарықта ақшаның ағыл-тегіл пайда болуы экономиканы «күйдіріп» жібермек. Ақша көлемі елде шығарылатын өндіріс көлемімен деңгейлес болғаны абзал. Тепе-теңдік сонда сақталады. Ақшаны көп басып шығарсақ, ен байлықтың астында қаламыз деп ойлаушылар тарихтағы бірді-екілі мысалға назар аударса жетіп жатыр.

Сұхбат • 15 Қараша, 2024

Тимур Сүлейменов: Мемлекет пен қаржы нарығының мүддесін бірге ескеру қажет

15 қараша – қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және теңге күні қарсаңында Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов «Egemen Qazaqstan» тілшісіне сұхбат берді.

Қаржы • 12 Қараша, 2024

Ұлттық қор: бүгіні мен келешегі

Қоңыр күздің басында Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бюджет саясатына байланысты кең ауқымды талдауды жария етті. ХВҚ зерттеушілері жасаған, кейінгі 60 жылдағы дамыған және дамушы 65 елдің экономикасын қамтыған талдау өткен ғасырдың 60-жылдарынан бергі бюджет мәселесі бойынша саяси дискурс мемлекеттік шығындарды ұлғайту үшін қолайлы бола бастағанын көрсетеді.

Экономика • 01 Қараша, 2024

Автоөндірістің ауқымы кеңейді

Алматыда автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер өндірумен айналысатын «Kazakhstan Mobility Engineering» зауытының ресми ашылу рәсімі өтті. Зауыт «Астана Моторс» компаниясының құрылымына кіреді. 2023 жылдың сәуірінде «Астана Моторс» компаниясы «Motrex Co Ltd.» компаниясымен меморандумға қол қойып, Оңтүстік Корея технологиясы негізінде мультимедиялық құрылғыларды елімізде өндіру құқығына ие болған еді.

Банк • 12 Қазан, 2024

Банктердің аяқ алысы қалай?

Банктерге көп сұрақ қоюға болады. Бізді ең бірінші кезекте ойландырғаны – олардың жартыжылдықтағы таза табысы, өнімдері мен қызметтерін цифрландыру деңгейі және AQR-ге (банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау) қатысты көрсеткіштері. Сауалдарды бірнеше екінші деңгейлі банкке жолдадық, бәрі бірдей жауап қата қоймайтыны тағы түсінікті.