Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
245 материал табылды

Шаруашылық • 04 Шілде, 2025

Ұн тартушылардың ұпайы түгелденеді

Осыдан бірер ай бұрын ұн тартатын кәсіпорындардың жаппай жабылып жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұрын Орталық Азия елдері ұнды бізден сатып алса, енді бидайды ғана сатып алып, ұн өңдеуді өздері жүзеге асырып жатыр. Салдарынан отандық ұн өңдеушілер үшін өткізу нарықтары тарылды. Осы ретте «Азық-түлік келісімшарт корпорация­сы» ұн тартушылардың қажеттілігін нарықтық бағамен қамтамасыз етпек.

Бюджет • 03 Шілде, 2025

Бюджет тапшылығы ұлғая түсті

Сарапшылардың есептеуінше, биыл сәуірде экономиканың нақты секторы сенімді өсуді жалғастырды. Бұған ең бірінші кезекте құрылыс, транспорт және қоймалау бағыттарындағы жоғарғы қарқын әсер етті. Жарты жылға шолу жасаған Экономиканы қолданбалы зерттеулер орталығы (AERC) мұнай өндірудің жоғарғы деңгейі тау-кен саласын ынталандырып жатыр деп есептейді.

Баға • 02 Шілде, 2025

Мың құбылған мұнай нарығы

ОПЕК-тің болжамынша, маусым айында мұнайға деген әлемдік сұраныс жылдық мәнде тәулігіне 1,3 млн баррель деңгейінде сақталады. Бұл өткен айдың бағалауымен сәйкес келеді дейді AERC сарапшылары. Сұранысты күшейтіп отырған елдер – Қытай, Үндістан және Азияның өзге де мемлекеттері. Биылғы мұнайдың жаһандық жалпы сұранысы тәулігіне 105,1 млн баррельді құрайды екен.

Қазақстан • 02 Шілде, 2025

Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы

Еліміз жыл санап Орталық Азиядағы (ОА) экономикалық көшбасшы ретіндегі ұстанымын күшейтіп келеді. Пандемия мен 2022 жылғы геосаяси шиеленістен кейін ірі сауда-логистикалық хабқа айналу мәселесін де күн тәртібіне шы­ғардық және ол нәтижесіз де емес. Қазір ел аумағы арқылы жүйткіп жатқан тауар ағыны ұлғайды. Бұл біздің сауда, инвестиция және инновация орталығына айналу мүмкіндігімізді еселейтіні даусыз.

Экономика • 02 Шілде, 2025

Металл алу тиімділігі артады

«Қазақмыс» корпорациясы Қарағандыда тау-кен металлургия саласына оңтайлы шешім әзірлеуге және қолданысқа енгізуге арналған алаң – R&D-орталығын іске қосты. Ол «КазГидроМедь» компаниясының базасында құрылды. Орталықтың тұсаукесеріне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ ірі тау-кен өндіруші компаниялар мен зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Энергетика • 27 Маусым, 2025

Жылу желілерін жаңғыртады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылу көздері мен жылу желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру аясында Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Инвестиция • 27 Маусым, 2025

100 млн еуродан асатын инвестиция

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Air Liquide» тобының вице-президенті Эмили Муран-Ренуармен кездесті. Кездесу барысында тараптар Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) аумағында сутегі өндіру қондырғысының құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Аталған жоба 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Әлем • 26 Маусым, 2025

Израиль – Иран қақтығысы: әлеуетке әсері қандай?

Израиль мен Иран аспанында жасын ойнатып жатқан зымырандар «шеруі» жаһандық мұнай бағасын қымбаттатуға да, құлдыратуға да қабілетті. Осыдан бірер күн бұрын Иран Ормуз бұғазын жауып тас­тайтын болса, мұнай бағасы өсуі мүмкін (жалпы, екі ел арасында соғыс басталғалы «қара алтын» құны 11%-ға өсіп те үлгерген еді) деген пікір белсенді тараса, енді Иран мен Израиль татуласуға келіскеннен кейін баға қайтадан төмендей бастады.

Шаруашылық • 26 Маусым, 2025

Өзекті түйткілдерді тарқатуға уағдаласты

Ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Қырғызстан жұмыс тобының II отырысы өтті. Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов пен Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары Самат Насирдинов тең төрағалық жасады.

Саясат • 26 Маусым, 2025

«Жасыл» экономикаға көшу – жауапты міндет

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен, ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен Президент жанындағы «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті.