Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
121 материал табылды

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2024

Өңірлік билік: сенім деңгейі қандай?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйе­лі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында бірінші кезек­те жергілікті билікке азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеу міндеті жүк­тел­ген­дігін, ал әкімдердің қызметіне баға бергенде тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізудің маңызы зор екендігін айта келіп: «Бұл тәсіл арқылы билік органдары жұмысының сапасына тұрғындардың көзқарасы туралы шынайы мәлімет алуға болады. Формальды есептерден гөрі сауалнамадан халықтың көңіл күйі анық аңғарылады», деген еді.

ЖОЛДАУ • 07 Қыркүйек, 2024

Айқын міндет, нақты шешім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауымен сабақтасып, әлемдегі қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде еліміздің одан әрі дамуының айқын міндеттерінің нақты шешімдерін ұсынған құжат.

Қаржы • 06 Қыркүйек, 2024

Өңірлер: Әл-ауқат деңгейі әрқилы

Президент 2022 жылы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның өңірлері бірдей деңгейде дамып жатпағаны баршаға аян. Теңсіздік әлеуметтік жайсыздық пен миграциялық көңіл күйге жол ашады», деген болатын.

Зерде • 27 Тамыз, 2024

Батыры көп елдің рухы биік

«Ерліктің атаусыз кетуі – халықтың трагедиясы», деген екен халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы. Астарында айсбергтей үлкен ой жатқан сөз. Пайымдап қарасақ, ерлікті дәріптеу оны жасаған адамнан гөрі егемен ел болғысы келетін халыққа көбірек керек екен. Өйткені батыры көп елдің рухы биік болатыны сөзсіз.

Қоғам • 23 Тамыз, 2024

Басшы әйелдер неге аз?

Халқымыздың тарихында ел басқарған және билікке аралас­қан әйелдер аз болмағаны мәлім. Тұмар, Зарина патшайымдар, Айғаным ханша, Бопай ханым сияқты атақты арулардың іздерін басқан бүгінгі сіңлілері мемлекеттік қызметтің негізгі жүгін арқалап, нардай өрге тартып жүр.

Қоғам • 22 Тамыз, 2024

Алматының «алтын жасы»

Халқымыз ежелден қарияларын қазына санап, «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» деген нақыл сөз қалдырған. Тек ата салт-дәстүрімізден айрыла жаздаған кешегі кеңес заманында белең алып, бүгінгі пайда қуған нарықтық қатынастар кезеңінде тіпті тереңдей түскен теріс үрдіс – егде тартқан адамдарды жұмысқа алмау, оларды зейнет жасына жетісімен «құрметті демалысқа» тездетіп шығарып салып «құтылу» қарттардың қабағына кірбің түсіретіні рас.

Пікір • 21 Тамыз, 2024

Қаралы үй қонақ шақырмайды...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Дүние­танымымызға жат мәде­ниеттерге көзсіз елік­теуден, жалған патриотизмнен, даңғойлық пен дара­қы­лықтан сақтануымыз керек. Халқымыздың бойындағы кемшіліктерге көз жұма қара­май, одан арылуымыз қажет. Мұның бәрі күн сайын құбылған тұр­лаусыз заманда өмір сүріп жат­қан Қазақстанның келешегі үшін айрықша маңызды», деген еді.

Қоғам • 14 Тамыз, 2024

Интернет алаяқтар қашанғы алшаңдайды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн», деп Үкіметке интернет алаяқтықпен күресті күшейтуді тапсырған еді.

Қазақстан • 13 Тамыз, 2024

Қоғамдық кеңестің ықпалы қандай?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, соның ішінде қоғамдық кеңестердің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажеттігін атап айтқан болатын.

Туризм • 07 Тамыз, 2024

Турист көбейсе, елге құт

Бүгінде туризмнің әлемдік жалпы өнімдегі үлесі 9 пайыздан асып, коронавирус пандемиясына дейінгі деңгейге жақындап қалды. Ал біздің елде осы саланы дамытуға мол мүмкіндік барына қарамастан, оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кейінгі төрт жылда 3,7 пайыздан 3,2 пайызға дейін азайып кеткен. Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауына қарағанда, Қазақстан туризм саласындағы іскерлік ортаны дамыту бойынша 119 елдің ішінде 70-орында тұр. Бұл елімізде туризм бизнесімен айналысуға қолайлы жағдай жасалмағанын көрсетеді.