Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
1522 материал табылды

Хоккей • 25 Қаңтар, 2024

Жасөспірімдер олимпиадасы: Хоккейшілер қоржынға қола медаль салды

Канвонда өтіп жатқан Жасөспірімдер олимпиадасында ел құрамасы қоржынға үшінші медальді салды. Олар  (3х3) үшінші орын үшін айқаста Австрия құрамасын тізе бүктірді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

Қыста көлікті қанша уақыт қыздыру қажет?

Қыс көлік жүргізушілері үшін оңай еңсеретін кезең емес. Мезгілдегі ауа райы ерекшеліктері оларды біраз сарсаңға салып жүргені белгілі. Осы уақытта көлік күтіміне қатысты сұрақ көп. Автокөлік тізгіндегендердің пікірін қақ бөлетін жайттың бірі - қыста көлікті қыздыру-қыздырмау мәселесі. Алғашқы топ көлікті міндетті түрде қыздыруды қажет деп тапса, келесі топ бұл процеске кеткен минуттарды бос уақыт өткізуге теңейді. Ал көлік эксперттері екі қағиданың алтын аралығын ұстанған жөн деген пікірді алға тартады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

Белгілі боксшыға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Бас прокуратура белгілі боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істі тергеу өндірісі қайта басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

Тұрғын үй, тұрақты жұмыс. Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге қандай көмек көрсетіледі?

Өткен жылы оңтүстіктен солтүстік өңірге 9 мыңға жуық тұрғын қоныс аударған. Оның ішінде 6492 -сі ел аумағында аймақ ауыстырғындар болса 2337 қандас солтүстікке табан тіреген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 24 Қаңтар, 2024

ҰБТ тапсыратын түлек өзімен қандай құжат алып келу керек?

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыратын 16 жастан асқан және 16 жасқа толмаған түлектерден қандай құжат сұралатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

Қазақстан әскерилерінің жаңа киім үлгісі таныстырылды

2023 жылы 5 мамырда өткен Бүкілармиялық кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық әскери қызметшілерге арналған жаңа киім үлгісін мақұлдаған болатын. Қорғаныс министрлігі қоғамдық талқылаудан кейін, әскерилердің жаңа формасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Тина Канделаки СІМ ресми өкілі Айбек Смадиярды Ресейге шақырды

Күні кеше Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр Қазақстанда орыс тілінің қолдану аясы тарылып жатыр деп жазба жариялаған журналист Тина Канделакидің елімізге кіргізілмейтінін айтқан еді. Бүгін ресейлік журналист Айбек Смадиярды Мәскеуге шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

«Жәнібек, кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз». Екі болжамды ананының ДНҚ сараптамасы шықты

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы Эдди Жанның (Жәнібек) анасы болуы мүмкін деген екі келіншектің ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болды. Анализ қорытындысын журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 23 Қаңтар, 2024

Майқайыңда ойыққа түсіп кеткен автобус: Прокуратура мәлімдеме жасады

2024 жылдың 4 қаңтар күні Баянауыл ауданы, Майқайың кентінде «Майқайыңалтын» АҚ аумағында 4 адам мінген автобус ойыққа құлап кеткен еді. 2 жолаушының денесі сол күні шығарылса, қалған екі адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Бас прокуратура тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2024

Таяу уақытта Алматыда тағы жер сілкіне ме? Сейсмологтар жауап берді

Қаңтардың 22 - сінен 23 -іне қараған түні, сағат 0:09 шамасында Алматы қаласында қуаты 4-5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан, Қытай шекарасы аумағында сезілді. Осыған орай жауапты орган басшылары мен Сейсмологиялық институт мамандары брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.