Президент • 24 Қазан, 2025

Азаматтарымыздың экологиялық сана-сезімі, болмысы өзгере бастады – Президент

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында «Таза Қазақстан» акциясы азаматтарымыздың экологиялық сана-сезімін өзгерте бастағанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.

Азаматтарымыздың экологиялық сана-сезімі, болмысы өзгере бастады – Президент

Фото: ашық дереккөзден

«Елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы азаматтарымыздың, әсіресе, жастардың басым көпшілігінің қолдауына ие болып, табысты жүзеге асырылып жатыр. Былтырдан бері шамамен 2,8 миллион гектар жер тазартылды, 4 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Ең бастысы, азаматтарымыздың экологиялық сана-сезімі, бүкіл болмысы өзгере бастады. Жалпы, барлық салада атқарылған жұмыс өз жемісін беріп жатыр деп айтуға болады. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, өзгерістерді міндетті түрде жалғастырамыз. Биыл еліміздің мерейі өсіп, рухы көтерілген жыл болды. Азаматтарымыз көптеген салада табысқа жетті, жаһандық жарыстарда топ жарды. Оқушыларымыз түрлі халықаралық білім додасынан мыңнан астам медаль иеленді. Үздік спортшыларымыз, соның ішінде боксшылар туымызды биікте желбіретті. Дарынды жастарымыз ұлт өнерін жер жүзіне паш етіп, кеңінен дәріптеп жүр. Жаһан жұрты қазақты рухы биік, көзі ашық, мәдениеті бірегей, зияткер ұлт ретінде тануда. Бұл – жылдар бойы жүргізілген жүйелі және тиімді жұмыстың нәтижесі. Енді осы қарқынды бәсеңдетпей, тек алға қарай қадам басуымыз қажет», деді Қ.Тоқаев. 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025