Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
4352 материал табылды

Үкімет • 04 Желтоқсан, 2025

2026 жылы су тапшылығы қаупі бар: аграрларға ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту ұсынылды

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Олар фермерлермен кездесіп, алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 04 Желтоқсан, 2025

Жетісайдағы өрттен аман қалған 2 адамның жағдайы қалай?

8 қараша күні Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, сол күні 12 адам қайтыс болған еді. Өрттен аман қалған 3 адамның біреуі 1 желтоқсан күні ауруханада қайтыс болды. Ал қалған екі науқастың жағдайы қалай? Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ем алушылардың жағдайы тұрақты екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025

Жер сілкінісі кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде есте сақтау керек 10 негізгі ережені жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025

Жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны іске қосылды

Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне байланысты сенім телефонын іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025

Алматыда жер сілкінді

Алматыда 4 желтоқсан сағат 12:45 шамасында жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025

Қатты қалдықтарды өңдеу ісі баяу өңірлер анықталды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің басшылығымен Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңесте экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев табиғатты қорғау, ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс алаңдарын жою, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 04 Желтоқсан, 2025

Теңге нығайып жатыр: Онда неге баға арзандамайды?

Сатушы тараптан «доллар курсы артып жатыр, сондықтан баға да қымбат» дегенді жиі естиміз. Десе де кейінгі аптада доллар құны төмендеп, теңге нығайса да тауар, қызмет бағалары өзгерген жоқ. Мұндай үрдіс экономикада «кері тетік механизмі» ұғымымен түсіндіріледі, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 04 Желтоқсан, 2025

БҰҰ Бас ассамблеясы ұрланған украин балаларын қайтаруды қолдады

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді мәжбүрлі түрде қоныс аударылған немесе депортацияланған барлық украин баласын дереу қауіпсіз жерге жіберуге шақырды. Украин тарапы мен бірнеше ел біріге ұсынған осы мазмұндағы қарарды 91 ел қолдады. 12 ел қарардың орындалуына қарсы екенін білдірсе, 57 ел қалыс қалған, деп жазады Egemen.kz.

Бюджет • 04 Желтоқсан, 2025

«Отбасы банк» зейнетақы қаржысына көз емдеуге тыйым салды

Бүгіннен бастап біржолғы зейнетақы жарналары есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдер қабылданбайды. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 04 Желтоқсан, 2025

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 77 мектеп салынды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толығып жатыр. Қор қаражаты мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу мен жаңа білім беру ұйымдарын салуға жұмсалып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика