Оқиға • Бүгін, 15:31

Атырауда мерекелік іс-шара кезінде 78 бала жоғалып кеткен

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда мерекелік іс-шара кезінде 78 бала жоғалып кеткен

Жергілікті полиция балалардың барлығы дереу табылып, заңды өкілдеріне табысталғанын мәлімдеді. Жоғалып кеткен балалардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталған.

Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді. Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасымен қауыштырды.

Ұлттық ұланның қызметтік иті жоғалған екі қызды іздеп тапты

Мұндай оқиғаларға байланысты полиция ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар