
Таным • 12 Маусым, 2024
Жақында академик Ғарифолла Есімнің «Бүгін» тақырыбындағы семинарына қатыстым. Ойшыл қоғамдық санадағы шамадан тыс жоспаршылдық үрдісін сынға алып, қазіргі уақыттың маңыздылығына мән бермей жатқанымыз хақында ой тарқатты.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мәдени мұраны сақтау, зерттеу және танымал ету, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағытындағы мемлекеттік тапсырыспен стратегиялық әріптестікті іске асыру бойынша жариялаған конкурста «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі қаламгерлерге арналған үш жобаның жеңімпазы атанды.
Таным • 11 Маусым, 2024
Ол жерден таппағанын көктен іздеді. Ай дегені – айғыз айна, күн дегені күбіртке күкірт екен. Жұлдыз дегені – жыпырлаған қоңыз, шындық дегені өтірікке барабар аңыз екен. Қайда барып құтылмақ? Аяулы тұрақ, баянды жұмақ жер бар ма екен жалғанда? Қайдан болсын... Өзі жалған саналса, сыя ма оның ішіне ардан туған ақиқат? Санаңа салмақ, жүрегіңе жүк түсіретін осындай зілмауыр сұрақтармен ұжданыңды тергеп, ұятыңды таразылайтын Г.Бюхнердің «Войцек» қойылымы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында сахналанды.
Көрме • 07 Маусым, 2024
Да Винчи картинасы – Астанада!
Елімізде алғаш рет атақты Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы көпшілік назарына ұсынылды. Жаһанның жауһар мұрасы Астанаға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Италияның Астанадағы елшілігі, Алматы қаласындағы Италия мәдениет институты, «ForteBank», «Mastercard» және «Scripta Maneant» баспасының ыждағатымен әкелінді. Оны ұлттық музейдің иммерсивті залына орналастырды. Ендеше, көзбен көріп, көңілмен түйгенімізді байыппен баяндайық.
Мәдениет • 06 Маусым, 2024
Оның шығармаларынан үйлесім үлгісін табу қиын. Сұлулық сипаттары да анық аңғарылмайды. Қисапсыз қиындылардың қисынсыз қиюласуы көзге қораш, көңілге оғаш көрінуі мүмкін. Тіпті шатасқан шалдуардың шатпағы дерсіз. Бірақ Пикассоның дәл осы «ұсқынсыз» туындылары – кескін өнерінің кесек туындылары болып бағаланады. Себебі бұл да эстетиканың бір категориясы.
Таным • 05 Маусым, 2024
Адриад арнасынан ат суарған Аттиладай, елімізден аттанған көркем өнер керуені исі итальян жұртшылығын тәнті етті. Әлем туындыгерлерінің ең танымал форумдарының бірі, тәуелсіз қазылар арқылы бағаланып, екі жылда бір рет өткізілетін халықаралық өнер көрмесі Венеция биенналесі деп аталады. Ондағы көпшілік назарына Қазақстан павильоны тұңғыш рет ұсынылды. Көрмеге Кәміл Моллашев, Ерболат Төлепбай, Сергей Маслов бастаған бейнелеу өнерінің беделді өкілдерінің бедерлі жұмыстары қойылды.
Қоғам • 04 Маусым, 2024
«...Қарттыққа қылар қайран жоқ. «Ағам» дейтін інілер көп болғанмен, «інім» дейтін ағалар азайып барады. Ең өкініштісі – осы. Университет алаңындағы Сейдімбековпен серуенімді қайтіп ұмытайын?». Әңгіменің әлқамын Тұрсын Жұртбай осылай бастады. Сәлем бере барған үш студент аға қаламгерді құлақ қақпай тыңдап отырмыз.
Абай • 30 Мамыр, 2024
Бұл не өзі? Мынау ән қайда тартып барады? Қара құрдым... Түпсіз терең тұңғиыққа түсіп барамын. Ол менің, мен оның ішінде. Кішкентай баланың қолындағы тиек секілдімін. Әлемет ән мені домбыраның ойығынан өткізіп, ішіне тастап жіберіпті. Ал екі шегі... Екі шегі фәни мен бақи арасындағы қақпаның екі босағасы екен. Ән шумақтары көңіл күмбезімде күңірене күңгірлеп тұр: «Жарқ етпес қара көңілім, не қылсада...»
Таным • 29 Мамыр, 2024
Дүниедегі ең ауыр жаза – мәнсіз машақат. Әрекетің әлекке айналып, әжетке жарамаса, әлемет әуре сол. Кеудеңнің құлазыған құба сұр қуысында жоғалған арман, тоналған аңсарыңды іздейсің. Таппаған соң, тағатыңды тауысқан баянсыз тірлікке тағы таңыласың. Ежелгі грек аңыздарындағы еңбегі еш, тұзы сор Сизифтің тасы секілді мына нәрсе.
Тағзым • 24 Мамыр, 2024
Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің шығармашылығына арналған «Бар байлығым – кітаптарым» атты дөңгелек үстел өтті. Шарапатты іс-шарада ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген Алаштың абыз ақсақалы өмір бойы жинаған кітап қорын салтанатты түрде кітапханаға табыстады. Белгілі публицист, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов модераторлық еткен жиынға елімізге танымал ғалымдар мен ақын-жазушылар, сондай-ақ абыз ақсақалдың музыкалық мұрасын насихаттап жүрген өнер иелері қатысты.