Banner
Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
194 материал табылды

Қоғам • Кеше

Анасын іздеген Панч: Кішкентай маймыл жер бетін қалай мейірімге бөледі?

Жұмсақ ойыншықтың бауырына тығылған кішкене маймыл көпшілік көңілін елжіретті. Оның есімі – Панч. Былтыр ғана дүниеге келген. Бірақ енесі туа сала одан бас тартқан. Баласын сыртқа теуіп, жеріп кеткен. Қазір үлкен макакалар арасында қорғансыз қалған Панч ойыншық «анасын» жанынан тастамайды. Адам тағдырына сонша ұқсас бұл жағдайды жануарлар психологиясы арқылы зерделеп көрдік.

Тарих • Кеше

«Сталинге хаттың» сабағы

1989 жыл. Алматыдағы Жастар театрында Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы қойылады. Режиссері – ­­Райымбек Сейітметов. Замана зобалаңын сахнадан көреміз де­ген ха­лық­тың ынта-ықыласында шек болған жоқ. Аншлаг. Содан жұрт назары ауған спектакльді республика басшы­лы­ғы­на көр­сету жөнінде идея туады. Ақыры театрға Орталық коми­тет­тің бірінші хатшысы Геннадий Колбин келетін болады...

Әдебиет • 26 Ақпан, 2026

Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?

Ақиқат – бәріне бірдей жағатын нәрсе емес. Сондықтан оны тұспалдап өнер арқылы жеткізіп отырған. Әдебиет әлімдері мұны «Эзоптың тілі» деп айдарлаған. Қазақтың қара тілімен айтсақ, астарлап айту. Көне Грекияда өмір кешкен әлгі Эзоп адамдардың мінез кеселдерін хайуанаттардың харекеттері арқылы әжуалаған. Неге тіке айтпаған? Айта алмайды. Шүнки, ол – құл, оның үстіне тілі – мүкіс. Сондықтан айтатын сөзін алыстан орағытып, мысалмен жеткізеді. Кейде осындай «кедергілер» өнерді өткірлей түседі, жаңа форма іздеуге мәжбүрлейді. Тура айтылған шындық тез тозады, ал астармен айтылған ой уақытпен бірге жүріп, әр дәуірде қайта пайымдалады. Эзоп мысалдарының өміршең болатыны сондықтан. Ондағы аң мен құс сол замандағы адамдардың ғана емес, сіз бен біздің қазіргі бет-бейнемізді де дәл танытады. Алайда сатираның осынау жауынгер жанры бүгінгі әдебиетте лайықты көрініс таппай жүр.

Дін • 26 Ақпан, 2026

Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?

Бұқар жыраудың «Тілек» толғауында намаз құлшылығына ерекше маңыз беріледі. Бес намаздың біреуі де қаза болмауы – көмекей әулиенің бесінші тілегі. Мұқым мұсылман міллеті бұл құлшылықты құдайдың бес парызының бірі деп есептейді. Бірақ ел ішіндегі кей азаматтар, көпшілігі деструктивті бағыттағы діни топ өкілдері намаз оқымаған адамның ешбір құлшылығы қабыл емес деп оспадар ой таратады. Қарапайым халықтың көңіліне күдік түспесін деп, мүфтияттың пәтуа бөлімінің пікірін білдік, деп жазады Egemen.kz. 

Ата заң • 22 Ақпан, 2026

Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?

Конституция – қоғам мен билік арасындағы ең биік келісім. Ол мемлекеттің не үшін өмір сүретінін және кімге қызмет ететінін анықтайды. Осы өлшеммен қарағанда, 2026 жылғы жаңа Ата заң Қазақстанның құқықтық жүйесінде маңызды бетбұрыс жасады. Бұрынғы Конституция өтпелі кезеңде мемлекетті сақтауға бағытталса, жаңа құжат адамның қадір-қасиетін құқықтық саясаттың алдыңғы шебіне шығаруға талпынып отыр.

Әдебиет • 18 Ақпан, 2026

Нағыз өнердің дәуірі енді басталады

Бүгін біз жеңіл оқылатын кітаптарды көп оқимыз, санаға салмақ түсірмейтін фильмдер прокаттан түспейді. Екі-үш нота аралығында құрылған, қарапайым әндер тез жатталады. Осы үрдістен авторлардың өнерді түсінікті етуге ұмтылысы байқалады. Бірақ соның әсерінен мазмұны бай, қатпары терең туындылар назардан тыс қалып жатыр. Енді оларды кім жаратып, кім тұтынады? Алдағы уақытта нағыз өнердің аясы тарыла ма, кеңи ме? Сараптап көрдік.

Өнер • 16 Ақпан, 2026

Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына қатысты мына бір пікірді жиі естиміз. Эпопеяны әртүрлі жаста оқыған адам оны әрқалай түсінеді. Мәтін өзгерген жоқ, оқырман да баяғы. Бірақ мұнда таным өзгерді, қабылдау күрделенді. Енді оқырман әлдеқашан көзінің нұры, қолының табы қалған қалған сарғыш парақтардан түйсігіне түнемеген жаңа бір әлемді ашады. Немесе керісінше. Біреуге өте керемет көрінген шығарма біреуге түк те әсер етпейді. Неге бұлай? Асылында бұл сұрақтың жауабы көркем қабылдаудың өте күрделі табиғатында жатыр.

Әдебиет • 13 Ақпан, 2026

Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?

Автор соңғы нүктені қойды. Көркем шығарма аяқталды. Бірақ оның ғұмыры әсте аяқталған жоқ. Ол ендігі ғұмырын оқырман санасында жалғастырады. Феникс деген құс бар-ды. Мыңдаған жылдар жасай береді. Өле қалса өртеп, күлін отқа салсаң қайта тіріліп тұра келеді. Асылында, көркем шығарма да сол сияқты.

Ата заң • 12 Ақпан, 2026

Виталий Колточник: Жаңа Конституция – мемлекеттің басқару жүйесін жаңартатын шешуші қадам

Жаңа Конституция жобасы құқықтық нормаларды түзетумен шектелмейді. Бұл – елдің басқару философиясын, қоғамдық келісім мен жауапкершілік тетіктерін қайта құратын іргелі құжат. Саяси сарапшы, Халықтық дипломатия орталығының вице-президенті Виталий Колточник Конституциялық реформаның мәні, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолдары, сондай-ақ ұлттық мүдде мен халықаралық бедел мәселелері туралы кеңінен ой бөлісті.

Өнер • 05 Ақпан, 2026

Шерхан Мұртаза – Колбин – Гамлет

1989 жыл. Алматыдағы Жастар театрында Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы қойылады. Режиссері – Райымбек Сейітметов. Замана зобалаңын сахнадан көреміз деген халықтың ынта-ықыласында шек болған жоқ. Аншлаг. Содан жұрт назары ауған спектакльді республика басшылығына көрсету жөнінде идея туады. Ақыры театрға Орталық комитеттің бірінші хатшысы Геннадий Колбин келетін болады...

Яндекс.Метрика