Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1625 материал табылды

Президент • 27 Қараша, 2025

Қазақстан мен Түрікменстан қылмысқа қарсы күресте әріптестікті арттырады

Мемлекет басшысы Қазақстан  мен Түрікменстан Үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды. Құжат екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ақпарат алмасуды, бірлескен тергеу шараларын және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылды күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 27 Қараша, 2025

Жекеменшік мектептердің шотына алғашқы қаражат түсе бастады

Маңғыстау облысындағы ADVANTA.KZ жекеменшік мектеп-лицейіне 108 млн теңгеден астам қаржы аударылды. Бұл – Қаржы министрлігінің e-Qazyna платформасындағы жаңа OrtaBilim цифрлық сервисі арқылы қаржыландыруды алғаш болып алған отандық білім ұйымы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 27 Қараша, 2025

«Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі

Алматыда Disney студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Оған елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 27 Қараша, 2025

Еліміздің туристік аймақтарына спутниктік интернет жеткізіледі

Енді елдің туристік аймақтарында жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді бола бастайды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай мүмкіндік спутниктік сервистерді, соның ішінде Starlink жүйесін қолдану арқылы іске асады. Бұл ақпаратты ол депутаттық сауалға берген жауабында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Саясат • 27 Қараша, 2025

Ерлан Қарин қырғыздың мемлекеттік хатшысымен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұловпен жүздесіп, сөйлесті деп жазады Egemen.kz.

Саясат • 27 Қараша, 2025

Орталық Азия «Жаңа Жібек жолы» үлгісімен дамиды

Астанада өткен «Орталық Азия орнықты дамуға арналған жаңа Жібек жолы» форумында өңір елдері орнықты даму, жасыл экономика және инклюзивті өсуді қамтамасыз етуге бағытталған жаңа өңірлік серіктестікті таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 27 Қараша, 2025

Көп қабатты тұрғын үй өртеніп, 44 адам қаза тапты

Гонконгтың солтүстігінде ірі тұрғын үй кешені өртеніп кетті.  44 адам тілсіз жаудың құрбаны болып, 100 -ге жуық тұрғын табылмай жатыр. Құтқару жұмыстары әлі тоқтаған жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 26 Қараша, 2025

Кассациялық сот қалай жұмыс істейді?

Қылмыстық істер жөніндегі Кассациялық сот осы жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастады. Оның басты міндеті –  күшіне енген үкімдер мен қаулылардың заңдылығын тексеру. Апелляциялық сатыдан өткеннен кейін азаматтар, жәбірленушілер немесе прокурорлар жүгіне алатын соңғы мүмкіндік те осы кассация болып саналады, деп жазады Egemen.kzү

Білім • 26 Қараша, 2025

Ел тарихын ағылшын тілінде насихаттау Кембриджде талқыланды

Ұлыбританиядағы Кембридж университеті, Пембрук колледжінде Моңғолия мен Ішкі Азияны зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанды жасау: жады, бірегейлік және мемлекетшілдік» атты халықаралық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 26 Қараша, 2025

Ерлан Төлеутай халықаралық кинофестивальде «Үздік актер» атанды

Ирландия астанасы Дублинде  өткен XIII Silk Road International Film фестивалінде отандық актер, киносценарист Ерлан Төлеутай «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы Kazakhcinema сүйіншіледі, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика